Атырау, 29 наурыз 06:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Алматыны британдық сарапшылар ең арзан қалалардың бірі деп таныды

1 707 просмотра


Алматы әлем бойынша өмір сүру ең арзан қалалардың біріне жатқызылды, делінген Economist Intelligence Unit (EIU) британдық журналдың талдау бөліміндегі зерттеуде. 

«Рейтинг негізіне Нью-Йорктегі өмір сүру деңгейі алынған. Тізімді Сингапур (ең қымбат қала – ҚазТАГ) бастап тұр, екінші орынды   Париж бен Цюрих бөлісуде, олардан кейін Гонконг. көшбасшылар ондығын Тель-Авив пен Сидней жабады», - деп келтіреді зерттеу сөздерін ресейлік БАҚ.

«Әлемдегі 133 ең қымбат қалалар тізімінің соңында Дамаск, Каракас және Алматы», - делінген EIU хабарында
«Рейтинг авторларының ақпарынша, доллар бағамының төмендеуіне байланысты АҚШ қалаларының бірде бірі 10-шы орыннан жоғары көтеріле алмаған. Сарапшылар сондай-ақ, қалалардағы өмір сүру құнының олардың жер шары картасында орналасуына да байланысты екенін айтады: еуропалық қалалар үшін қызмет көрсету бағасы басты болса, Азия елдері үшін азық-түлік бағасы болып отыр», - деп жазады ТАСС.

«Мәскеу мен  Санкт-Петербург соңғы жылдары әлемдегі ең қымбат елдер тізімінде алты баған жоғары көтерілді, сөйтіп сәйкесінше 12 және 14 орынға тұрақтады. Сәрсенбі күні жарияланған Economist Intelligence Unit талдау бөліміндегі сараптамада атап өтілгендей, оған «мықты рубль» себеп болып отыр», - делінген хабарда.  

Дереккөз: kaztag.info

16 наурыз 2018, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.