Атырау, 25 сәуір 11:50
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Орталық Азияда кім лидер?". "Аягөздіктерге Даниял Ахметовтың миллионер ұлы көмектесе ме?". "Орталық Азия басшылары аймақ мәселелерін енді бірге шешпек". "Африкадағы әскери кеңею: Қытай өз мүддесін қорғау үшін күш қолдана ма?".

2 819 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Орталық Азия басшылары аймақ мәселелерін енді бірге шешпек" - Астанада өткен Орталық Азия елдері президенттерінің жиыны алдында Назарбаев Орталық Азия елдерінің проблемасын шешу үшін басқа адамды шақырудың қажеті жоқ екенін, аймақ мәселелерін өздері шеше алатынын айтты.

ABAI.KZ. "Орталық Азияда кім лидер?" - Астанаға Орталық Азия президенттері жиналды. Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан президенттері және Түркіменстаннан парламент спикері бастаған делегация қатысты.

QAMSHY.KZ. "Баласы жемқор адам Мәжіліске лайық па?" - Бұл тақырыпты бұған дейін қозғамай келуіміздің өз себебі бар. Өйткені атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісіне соңғы нүкте қойылмаған еді. Кеше сот үкімі жария болды, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ топ-менеджерлері түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды. Оның ішінде Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы – Аслан Жақыпов та бар. Демек депутаттың баласының арам ақшаға қызығып, ардан аттағаны толығымен дәлелденді деген сөз. Ендеше ондай баланы тәрбиелеген әкенің Мәжілісте шалқайып отыруы қаншалықты қисынды?

365INFO.KZ. "«Мирзияев сөйтіп жатыр…». Өзбекстандағы қазақтар ана тілінен неге бас тартты?" - Өзбекстанда бір миллионнан астам қазақ тұрады. Билікке Шавкат Мирзияев келгелі олардың тұрмысы жақсарған сыңайлы. Қазір жергілікті қазақтардың 30 пайызы лауазымдағы қызметте екен. Кәрімовтің кезінде түрмеге қамалғандар бостандыққа шықты. Алайда кей қазақтар «өзгерген ештеңе жоқ, бәрі сол бұрынғы таз қалпында», деген пікірде.

QAZAQTIMES.COM. "Африкадағы әскери кеңею: Қытай өз мүддесін қорғау үшін күш қолдана ма?" - 2017 жылы таратылған «Соғыс бөрісі 2» (War Wolf /zhanlang) атты қытай фильмі елдегі кинотеатрларда кең көп қойылған фильмдердің бірі болды. Фильмдегі герой – қытайлық жауынгер Африкадағы бүлікшілерге кездесіп ұрыс салады. Бұл қытай киносының алғаш рет шет жерде «әділет үшін күрескен қаһарманның» образын сомдап шығуы болды. Әрі, Қытайды әлемдегі әділеттілік пен бейбітшілік үшін күресуші ретінде суреттеді.

EGEMEN.KZ. "Жеті жасар баланың тағдыры бірнеше саладағы проблеманың шетін шығарды" - Бүкіл ел назары ауған жеті жасар балаға қатысты оқи­ға өңірдегі білім, құқық қор­ғау салаларына қатысты көп­те­ген проблеманың шетін шы­ғарды. Әсіресе Сарыағаш ауда­нын­дағы білім саласына қатысты заң­сыз­дықтар жөнінде сыбайлас жемқорлыққа, балалар құқының қорғалуына байланысты сын кешегі күнге дейін де айтылып келген болатын. 

TURKYSTAN.KZ. "ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ҚАНДАЙ КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ?" - "Ең басты мәселе – су мәселесі. Біздің мемлекеттер Әмудария мен Сырдария екі үлкен өзенінің суын пайдаланып отыр. Бұл орайда саяси сауда-саттық болмауы тиіс деп шештік. Біз бүкіл мәселені бірлесе шешуіміз керек", — деп тоқталды президент.

"ІІМ: БИШІМБАЕВҚА КОЛОНИЯДА ЕШҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕРІЛМЕЙДІ" - 10 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа жазасын өтеу барысында ешқандай артықшылық берілмейді. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков мәлімдеді. 

SPUTNIKNEWS.KZ. "ОҚО-да зорлады делінген 7 жасар баланың анасы бірнеше күннен бері табылмай жүр" - "Анасын бірнеше күннен бері біз де таба алмай жүрміз. Ұлы да, тәтесі де хабарласты, алайда ол телефонды көтермейді. Мен не болып жатқанын білмеймін. Ең бастысы қазір баланың жағдайын ойлау керек. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", — деді Балиева. 

ZHASALASH.KZ. "Аягөздіктерге Даниял Ахметовтың миллионер ұлы көмектесе ме?" - Он бірінші наурыз күні Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында төтенше жағдай орнаған болатын. Қардың еруінен  189 үйді топан су алып, 8-і құлап қалған. Облас басшысы Даниял АХМЕТОВ зардап шеккен бұқараға «Парыз»қорынан 50 млн теңге аударылғанын хабарлаған еді. Қазақстан халықнан жылу жинап жатқан «Аягөз-Болашақ» қорының есеп шотына  Даниял Кенжетайұлы бір айлық еңбекақысында аударғанын жария етті.

DALANEWS.KZ. "Намысым тағы да тапталатын болды" - Маған бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен ұсыныс түсті. Оларға Моңғолиядан үкіметтік делегация келе жатыр екен. Соған ауызша, жазбаша аударма бойынша қызмет көрсетуіміді өтінді. Жиынның жұмыс тілі – орыс және моңғол тілі екен.


16 наурыз 2018, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.