Атырау, 25 сәуір 18:34
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Елбасы Астанадағы президенттердің кездесуі туралы: бұл жиынның саяси астары жоқ

1 898 просмотра


Ақордада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Орталық Азия елдері басшылары кездесуінің саяси астары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазақстанға қош келдіңіз. Сізді сағындық. Көп шаруалар жасап жатырсыз. Барлық көрші елдерге барып шықтыңыз. Барлығын түзеп жатырсыз", — деді Елбасы Өзбекстанның президентіне. 

"Сіздің келгеніңізге бір жыл ғана болды. Осы уақытта бірнеше рет кездестік. Арамызда айтылған барлық мәселе шешіліп, қойған міндеттер орындалып жатыр. Осы бір жылда сіз өте ауқымды жұмыс атқардыңыз. Көрші елдермен қарым-қатынасты жақсартып,  шекара, өзара қатынас, хабар алмасу, сауда-саттық салаларындағы ондаған жылдан бері шешілмей жатқан мәселелерді, түйткілдерін шештіңіз. Жалпы, барлық дүние басқаша, көңіл-күй де өзгеше", — деді Назарбаев.

Елбасы Мирзиеевтің Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының консультативтік кездесуін өткізу туралы идеясына қолдау танытқанын атап өтті.  

"Құдай қаласа, бүгін бүкіл әріптестерімізбен, бауырларымызбен кездесіп жатырмыз. Бізде басқа мақсат жоқ, бұл кездесудің саяси мән-мағынасы жоқ. Бұл кездесу көрші елдердің арасындағы түрлі саладағы мәселелерді шешуді көздейді", — деді президент. 

Айта кетейік, бүгін Астанада Орталық Азиядағы мемлекеттер – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттерінің жұмыс кездесуі өтеді. Түрікменстаннан меджіліс төрағасы Акджа Нұрбердыева қатысады.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 наурыз 2018, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.