Атырау, 29 наурыз 10:21
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Наурызға қарсы шараға жұрт наразы". "ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды". "«Бекболат Тілеухан мен үшін әулие емес»". "ҚАЗАҚТАР ӨЗБЕКСТАН ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?(ВИДЕО)"."Бала психикасына кім жауапты?".

3 271 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Наурызға қарсы шараға жұрт наразы" - Ауғанстанда діни консерваторлардың дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлауға қарсы бастаған шарасы елдің наразылығын туғызды.

ABAI.KZ. "Перуашев Ұлттық банкті сынға алды" - Бүгін Мәжілістің отырысында Азат Перуашев Ұлттық банкті табиғи апаттардан сақтандыруды жетілдіруде еш әрекетсіз отырғаны үшін сынға алды. Бұл туралы «Ақ жол» фракциясының депутаты өзінің тиісті сауалында мәлімдеді, - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

QAMSHY.KZ. - "Балиева зорлықтың құрбаны болуы мүмкін бала туралы жаңа деректермен бөлісті" - Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Зағипа Балиева Сарыағаштағы зорлықтың құрбаны болуы мүмкін мектеп оқушысымен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кездесуден соң депутат баланың жағдайы туралы журналистерге берген сұхбатында айтып берді.

TENGRINEWS.KZ. "ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды" - Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды делінген жеті жасар баланың ісіне қатысты жоғары шенді шенеуніктер жұмыстан қуылды. Бұл туралы бүгін отырыс барысында облыс әкімі  мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

365INFO.KZ. "«Бекболат Тілеухан мен үшін әулие емес»" - Досқан Жолжақсыновты білмейтін адам жоқ. Белгілі режиссер. Халық әртісі. Өзіндік көзқарас, өзіндік айтары бар адам. Оның бұрындары ойнаған кинодағы рөлдерін былай қойғанда, режиссер ретінде түсірген «Біржан сал», «Құнанбай» көркем фильмдері көрермен тарапынан жақсы деген баға алған.

QAZAQTIMES.COM. "Астана Орталық Азия елдерінің басын біріктіре ала ма?" - Бүгін Астана қаласында Орталық Азия елдері басшыларының саммиті өтеді. «Астана саммиті өтеді» деген ақпарат тараған күннен бастап, осы уақытқа дейін көпшілік жұрт бес жақтық бас қосудан не күтуге болады? Бұл интеграциялық жобалардың бастауы бола ала ма? Орталық Азия одағы құрыла ма? - деген сұрақтарға жауап іздей бастады. Осыған байланысты бүгін біз де бұл тақырыптан айналып өтпей, сарапшылар пікірін көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік. | Материалды көшіріп бассаңыз http://qazaqtimes.com/article/36395 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.

AIKYN.KZ. "ҚАЗАҚТАР ӨЗБЕКСТАН ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?(ВИДЕО)" - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев өзінің әлеуметтік желісінде қазақстандықтардың Өзбекстан туралы айтылған жылы пікірлері мен бейнеролигін жариялады. Көріңіз, Қазақстан азаматтары Өзбекстан туралы не ойлайды?

EGEMEN.KZ. "Бала психикасына кім жауапты?" - Бүгінде жұмысбасты ата-ананың бала жайын ойлауға мұршасы келе бермейтіні рас. Балаға барын әперіп, аш қалмау жағын ойлау бір басқа, оның психологиялық жай-күйіне мән беру мүлде бөлек. Өсіп келе жатқан ұл-қыздың не ойлайтынына әдетте көп ата-ана мән бермейді.

TURKYSTAN.KZ. "СОЛСБЕРИ: ҚАРА НИЕТ ҚАСКӨЙ КІМДЕР?" - «Қанжар мен сулықты серілер»... Әлем әдебиетінде қара сулық жамылып, қараңғы түнде қара ниеттілердің (бәлкім, бейкүнә жандардың) ту сыртынан қанжар қадап, жанын жаһаннамға аттандыратын серілер (шпиондар) жайында жазылған шығармалар көп. У берушілер жайлы да аз жазылған жоқ. Әсіресе, у беріп, газ шашып өлтірілгендер жайында жаңа – ХХІ ғасырда жиі еститін болдық. Бірақ Англияда орын алған соңғы оқиға Батыс елдерінің бәрін үрейлендіріп отыр. Ең әуелі, британдықтарды. Өйткені осыған дейін сенім мен тыныштықтың, толеранттылықтың аралы болып саналып келген айтулы мемлекетте құпия жағдайда уланып көз жұмғандар саны көбейіп кеткен. Ағылшындардың алаңдайтын да жөні бар: егер мұнда бейбіт адамдар, зейнеткерлер өзін қауіпсіз сезіне алмайтын болса, мемлекет қауіпсіздігі туралы не айтуға болады. Мұндай өлімдердің тасасында кімдер, қандай қарау күштер тұр?

INFORMBURO.KZ. "Кезінде ер баласын хандай көрген қазақ қазір тәрбиелеуге уақыт таппай жүр" - Шаңырақтың иесі деп қазақ ұлының бос белбеу боп өсуіне жол бермеген. Қазір мамандар жалғыз басты аналардың көбеюі ер бала тәрбиесіне кері әсер етіп отыр дейді. Кез келген отбасы ұл баланың дүниеге келуін асыға күтеді. Өйткені қызды қонақ, ұлды ұрпақ жалғастырушы деп санайды. Сондықтан тілі шығып, тәй-тәй басқан сәтінен бастап, ұл баланы әке өз тәрбиесіне алған. Болашақ шаңырақ иесіне өз ісімен үлгі болып, баланың сегіз қырлы, бір сырлы болып ер жетуіне барын салған.

SERKE.ORG. "Ұлтшылдарды ішінен кемірген «құрт»" - Алматыда тұратын қоғам қайраткері, ұлтшыл патриот ақын Мұхтар Шаханов наурыз айының басында Атырауға барып, сол өңірде  жақында ғана қайтыс болған екі танымал тұлғаның отбасыларына көңіл айтып қайтқан болатын. Кіммен қандай қарым-қатынас құру, етбауыр жақын адамдарша аралас-құралас болу  - ақынның жеке басының шаруасы. Солай болса да, марқұмдарға құран оқылған ас кәдеде - отбасы ошақ қасында Мұхтар Шахановтың айтқан әңгімелері мен оның видеоларын әлдебіреулер интернетке жариялап жіберді. Тіпті ақынның беделі мен азаматтығына көлеңке түсіруді көздейтін  «Шаханов шал болды ма?»  деген мақала абайсызда serke.org сайтына жарияланып кетіп, үлкен дау-дамайдан кейін материал алынып тасталды. Осыдан кейін serke.org сайты арандатушыны анықтау мақсатында журналистік зерттеу жасаған болатын.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Адвокат Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі жағдайы туралы айтты" - Қазақстандық қыз Ақжарқын Тұрлыбай есірткі контрабандасы үшін айыпталып, бір жылдан бері Қытай тергеу абақтысында сот үкімін күтіп жатыр

15 наурыз 2018, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.