Атырау, 19 сәуір 05:28
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ұлыбритания Ресейдің 23 дипломатынан елден кетуді талап етті

2 169 просмотра


Британия Ресеймен барлық екі жақты байланысты тоқтатпақ. Сонымен қатар, жоғары лауазымды шенеуніктер мен король отбасының мүшелері 2018 жылғы Әлем чемпионатына бармайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

«Скрипаль ісіне» байланысты ресейлік 23 дипломат Ұлыбританиядан шығарылады. Бұл туралы ел премьер-министрі Тереза Мэй парламент алдында мәлімдеді.

Британия Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына Ресей Федерациясы кінәлі деп есептейді.

«Бұл жағдайдан кейін екіжақты қатынасты бұрынғы деңгейде қалдыра алмаймыз... Сондықтан біз қарым-қатынастың барлығын тоқтатамыз. Сонымен қатар Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа жіберілген шақыруды кері қайтарамыз», - деді Мэй.

СІМ Сергей Лавров Скрипальдің улануына Мәскеудің қатысы бар деген кінәмен келіспейді. Бірақ егер Лондон тарапы Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция (ХҚТК) аясында өз міндеттерін орындаса, Ресей Ұлыбританиямен ынтымақтастыққа келуге дайын екенін мәлімдеді.

Ол Ресей Лондоннан ешқандай да хат алмағанын айтты. Негізінен Ұлыбритания оны ХҚТК-ға сәйкес жолдауы тиіс болатын. Сонымен қатар, химиялық қару әзірледі деген айып тағылып отырған ел аталған заттың дәлелін не бір бөлшегін алуға толық құқылы.

Лавровтың айтуынша, Ресей Скрипаль ісіндегі барлық материалға кіруге, сонымен қатар ол уланған затты көруге рұсат беруі үшін Лондонға ресми түрде хат жолдаған.

Дереккөз: Baq.kz

15 наурыз 2018, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.