Атырау, 20 сәуір 00:02
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тұрғындар түгел шарт жасамаса, газ берілмейді - 3

2 570 просмотра


«АЖ» редакциясына Сарыарқа ықшам ауданының, сондай-ақ Сәтпаев даңғылы бойындағы бірнеше үйдің тұрғындары қатар шағымданды. Бірнеше күннен бері олардың пәтерлерінде газ жоқ екен. Сонда барлығын газ плиталарына техникалық қызмет көрсету келісімшартына қол қоюға мәжбүрлеу үшін ажыратып тастағаны ма?

- Газды 9 наурызда ажыратып тастады. Әрбір кіре берісте газ стояктарындағы шұраларды жауып, оларды қағазбен және скотчпен орап тастады. Ешқандай пломба салынбады, ескертулер болған жоқ, - дейді Сарыарқа ықшамауданындағы №28 үй тұрғындарының бірі. - Алдымен Сарыарқа» ықшам ауданындағы №32 үйдегі апат салдарынан газдың ажыратылғанын айтты. Алайда, коммуналдық қызмет есептеу орталығының (РКЦУ-Атырау) қызметкерлері пәтерлерді аралап, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт жасауды талап ете бастады. Кейбір тұрғындар бас тартқан кезде, бізге үйдің барлық тұрғындары келісімшартқа қол қоймайынша газ болмайтындығын айтты. Біз, әрине, клиенттер үшін күрес екенін, бәрін түсінеміз. Бірақ бұлай етуге болмайды ғой.


Сәтпаев даңғылы бойындағы №13 және 29 үйде, Сарыарқа ықшамауданы №30, 31, 33 үйлерде де осы жағдай.

«РЦКУ-Атырау» ЖШС директоры Асхат ЖУЛАТОВТЫҢ комментарийі:

- Бұл учаскеде газ ескі сақиналы желі бойынша үйлерге жеткізіледі. Шынында да, демалыс күндері бұл жерлерде газдың жылыстауы орын алды. Мұны жою үшін осы желідегі бүкіл үйді ажыратуға тура келді. Жөндеу жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалының қызметкерлері жасады. Ақау жойылғаннан кейін қайта ісе қосуға тиіспіз, ол үшін барлық абоненттердің пәтерлерін аралауымыз керек. Қазіргі кезде біздің қызметкерлер осы мақсатта пәтерлерді аралап жүр, ешқандай келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлемейміз. Тұрғындар ниеттестік білдіріп, біздің қызметкерлерді газ жабдығын тексеруге жіберуі керек. Барлық пәтерді тексеріп болғаннан кейін ғана газды қосамыз.


Естеріңізге салсақ, биылғы жыл басында Авангард ықшам ауданындағы көппәтерлі бірнеше үйде осыған ұқсас жағдай орын алған еді. Сол кезде «Атыраугазинвест» компаниясының қызметкерлері «ұжымдық жауапкершілік» қағидаты бойынша келісімшарт жасағандарды да газдан ажыратып, әр пәтерге техникалық қызмет көрсету туралы келісімшартқа қол қойдыртқан  болатын.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

Суретті түсірген автор

14 наурыз 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.