Атырау, 29 наурыз 13:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Экс-министр Бишімбаевқа үкім шықты

2 302 просмотра


Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот үкімімен  10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен айыпты деп танылып, 10 жылға сотталды. 

Сот үкімін судья Әділхан Шайхисламов оқыды. 

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік марапаттарынан айыруды сұраған еді. 

Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтің ұсталғаны туралы 2017 жылдың 10 қаңтарында белгілі болды. Ал 12 қаңтарда Алматы ауданының № 2 аудандық сотының санкциясымен экс-министрге қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Бишімбаевқа бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. Айыптау нұсқасына сәйкес, немере бауыры Сұлтан Нұрлыбек Қызылордадағы Бишімбаев жетекшілік еткен шыны зауытын салу кезінде 2 миллион доллар пара беру кезінде делдал болған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, "Бәйтерек Девелопмент" АҚ эпизоды бойынша, арендалық тұрғын үй құрылысы кезінде мердігер ұйымдардың мүддесін қорғағаны үшін параның жалпы сомасы 345 миллион теңгені құрады.

Қуандық Бишімбаев сотта сөйлеген соңғы сөзінде пара алмағанын, қылмыстық схема құрмағанын айтып, Елбасыдан сенімін ақтай алмағаны үшін кешірім сұраған болатын.

Мемлекеттік қызметте жетекшілік ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Дереккөз: sputniknews.kz

14 наурыз 2018, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.