Атырау, 29 наурыз 15:57
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"ҚДТ-ға тыйым салу нені білдіреді?". "Қытайға барып қайтқан қазақтың ойы". "Мұхамедиұлына дейін мәдениет болмаған…". "Шавкат Мирзиеев Абай мұрасын насихаттауға тапсырма берді". "Вице-министр: жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болды

3 532 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жамағатшылар" сотында куәгерлер сөзі хаттамаға қайшы шықты - Қарағанды облысында елде тыйым салынған "Таблиғи жамағат" ұйымының іс-әрекетіне қатысы бар" деген күдікпен былтыр қыркүйекте қамалған үш тұрғынды "экстремистік бап" бойынша соттап жатыр. Туыстары сотталушылардың "мемлекетке қарсы шықпағанын" айтса, сотқа келген куәгерлер тергеу материалына қайшы түсініктеме берді.

"ҚДТ-ға тыйым салу нені білдіреді?" - Қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысына елде тыйым салынатынын «алдын-ала болжап білгенін, қауіпсіз жолдармен ұйым жұмысын жалғастыра беретінін» айтады. Сарапшылар ұйымның тыйым салынуын «билік транзитіне дайындық кезеңіндегі превентивті шара» деп атайды.

ABAI.KZ. "Оқушы орамалын шешпесе, келесі сыныпқа көшірілмейді" - Ақтөбе облыстық білім басқармасы орамал дауына орай мектепке келмей отырған оқушыларды келесі сыныпқа көшірмеуі мүмкін. 13 наурыз күні облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, басқарма қазір бұл мәселеге орай білім министрлігімен кеңесіп жатыр.

"Қытайға барып қайтқан қазақтың ойы" - Өзім аман-есен бір апта болмай Қазақстанға қайтып келдім. Ал бірақ нағашы атам әлі тексерісте көрінеді. Шетелден келген Қытай азаматтарын 2 апта көлемінде сұраққа алады екен. Шетелде кіммен кезіккенінің бәрін сұрайды екен, қанын, қолтабын, қарашығын, ДНК-сын, және қылмыскер құсап тақтайша ұстап сүретке түседі екен. Қызыл паспорттарын ІІД алады екен, шетелге шықпақшы болсаң сол органға арыз береді екенсің, олар ҚХР ҰҚК арқылы тексереді екен, егер толымды рұқсат береді екен, толымсыз болса «үйрену мектебі» деген конс-лагерьге сотсыз-сұрақсыз айдап жібереді. Мысалы, сізден қазіргі уақытты сұраса, сіз Орталық Астанасы Бейжиң уақытын емес, жергілікті 2 сағат кеш Үрімжі уақытын айтсаңыз да сізді конс-лагерьге жіберуі әбден мүмкін.

ZHASALASH.KZ. "Мұхамедиұлына дейін мәдениет болмаған…" - Келесі аптада Арыстанбек Мұхамедиұлының министр портфелін ұстап жүргеніне, құдай қаласа, төрт жыл толады. Ол 2014 жылдың 13 наурызы күні мәдениет министрі болып тағайындалған еді. Сол жылдың күзінде бұл құрылым аз-маз өзгеріске ұшырап, мәдениет және спорт министрлігі деп атала бастады.

DALANEWS.KZ. "Назарбаев? Жақсы көруіміз керек, бірақ жағымпаздыққа ұласпауы тиіс" - Біз – соңғы уақыттарда, ұзақ жылдар бодандықта болып, өз мемлекетімізді құра алмадық. Қауымның ішінен шыққан жалғыз басшыға бүтін ел болып бағынып, дербес саясат жүргізе алмадық.

QAMSHY.KZ. "Үйі су астында қалған бала: Жөндеп аламыз, иә, әке? (видео)" - ШҚО-дағы Аягөз қаласында үйін су басқан баланың әкесіне айтқан сөздері халықтың жүрегін елжіретті. «Ештеңе етпейді, әке, жөндеп аламыз, иә?», - деп әкесін жұбатпақ болған баланың видеосын  Instagram желісіндегі oskemenlive парақшасы жариялады.

JASQAZAQ.KZ. "Жағрафия пәнінің жағдайы мүшкіл" - Оқушыға еліміздің дүниежүзі саяси картасындағы орны мен экономикасы туралы мақтанышпен айтып оқытатын 8-сыныптағы «Қазақстанның физикалық географиясы», ал 9-сыныпта оқытылатын «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» келесі оқу жылынан бастап жеке пән ретінде оқытылмайтын болды. Бұл бізді толғандырып отыр.

365INFO.KZ. "«Нациспін, қайтесің енді?». Қазақтың ұлтшылдығы – табиғи заңдылық" - Біздің биліктің «ұлтшыл» дегеннен қорқақсоқтап, сескене қарайтыны шындық. Тіпті «ұлтшыл» дегенің артында шовинизм, фашизм жасырынып тұрғандай көреді. Содан болар, ұлт үшін арпалысып жүрген азаматтарды «ұлтжанды» деп жұмсартып айтып жатады.

QAZAQTIMES.COM. "Шавкат Мирзиеев Абай мұрасын насихаттауға тапсырма берді" - Наурыз айының 13-і күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Абай Құнанбайұлының мұрасын зерттеуге және халық арасында кеңінен насихаттауға байланысты құжатқа қол қойды. Құжаттың басты мақсаты - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту және өзбек жастарын қазақ әдебиетімен таныстыру.  

"Путин: Дағыстанда тәртіп орнату керек" - Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, алда келе жатқан президент сайлауы қарсаңында Владимир Путин Дағыстан Республикасына іс-сапармен барып, халықпен кездескен. Кездесу барысында Путин соңғы уақыттары Республика бойынша ұсталған жоғары лауазымды тұлғаларға байланысты баяндама жасаған. Онда ол: «Дағыстанның экономика саласына тәртіп орнату керек. Маған сіздердің қолдауларыңыз, сіздердің көзқарастарыңыз өте маңызды болды. Қазір біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызға көзім жетті» - деген.  

AIKYN.KZ. "ҰЛЫС КҮНІНІҢ ҰЛЫЛЫҒЫН ҚАШАН СЕЗІНЕМІЗ?" - Түбі бір түркі елдері үшін ұлы да, ұлысты ұлттық мереке – әз Наурыз мейрамына азғантай қалды. Әншейінде, григориан күнтізбесіндегі Жаңа жылға бір ай бұрын дайындалатын басшылар да, қосшылар да, қалың көпшілік те бұл жолы үнсіз. Қазақы жыл басы саналатын Ұлыстың ұлы күнінің иісі әзірге сезілер емес. Мерекенің мысқалдай да нышаны, жыл күткен жұрт байқалмайды. Жылдағыдай «Наурыз тойы тар көлемде аталып өтпесін» деп бірлі-жарым азаматтар бас көтергені болмаса, қалғандары санамызға сіңіп, қанымызға дендеген әдеттен арыла алмай отыр. Неге?..

EGEMEN.KZ. "Амал оң болсын, ағайын!" - Амал мерекесі – еліміздің Батыс өңірі тұрғындары үшін айрықша маңызға ие. Бұл күн – тірлігі шаруашылықпен байланысқан халық үшін табиғат мейрамы, яғни жер аяғы кеңитін, жер-дүние қайта жасанатын көктемнің мерекесі. 

"Индонезиямен экономикалық байланыстардың артықшылықтары қандай?" - Қазақстан мен Индонезияның арасында ерекше атап өтуге тұ­рар­лық жеті ұқсастық бар. Бірінші ұқсастық, екі ел де көп ұлтты. Қазақстанда негізгі ұлт – қазақ ұлтынан бөлек 130-ға жуық өзге ұлт өкілдері тұратын болса, Индонезияда 300-ден ас­там этностық топтар, соның ішін­де явандықтар, сундылар, ма­дур­лықтар, малайлықтар, қытай­лар (шамамен 5 млн адам), Йе­мен­нен және Үндістаннан келген адамдар бейбітқатар өмір сүруде.  Екіншісі...

TURKYSTAN.KZ. "Қыз жасауының жөні деп..." - «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген қазақ үкілеп өсірген қызын жасаусыз ұзатпаған. Тұрмыс-салттың өзгеруіне орай жасаудың да мөлшері мен мазмұны үнемі өзгеріске ұшырап келеді. Қыз жасауына ертеректе төсек-орын, ас үй заттары кірсе, қазір тұрмыстық техника және үй жабдығына қажетті құралдармен толыққан. Ұзатылған қызына дүние-мүліктен бөлек пәтер мен автокөліктің кілтін сыйлайтындарды да көріп жүрміз. Мұндай аста-төктікті көрген өзге ата-ана да перзентін қатар құрбысынан кем қылғысы келмей, қарызданып-қауғаланса да, жасауды жарқыратып апарсам деп жанын салады. Қымбат жасау – жастар бақытына кепіл бола ала ма? Қазақ «көрпесіне қарай көсілуді» қашан үйренеді?

INFORMBURO.KZ. "Дайындалып жатқан жаңа бұйрықтың жобасы қолдау күткен шаруаны шалқасынан түсірді" - Мал өсірудің құпиясын бес саусағындай жатқа білген қазақ есін енді жиып, қорасын түлікке толтыра бастады. Бірақ ауыл маңы мыңғырған мал деуге келмейді. 2014 жылы осы мәселе ерекше қолға алынды. Сол кезде қабылданған заң аясында азын-аулақ малы барлар ауыл шаруашылығы кооперациясына жұмыла бастады. Соның ықпалымен жекелер етін де, сүтін де комбинаттарға өткізуге мүмкіндік алды. Осыдан кейін субсидияға қол жеткізудің жолы да жеңілдетілген болатын.

SERKE.ORG. "ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың Тәтішев өліміне қатысы қандай" - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев 2016 жылдың соңында қамауға алынған. Оған «мемлекеттік құпияны жария қылу», «қызметтік өкілетін асыра пайдалану» баптары   бойынша айып тағылып, 2017 жылы 7 жылға сотталған болатын. Бірақ оның жасаған қылмысының қыр-сыры айтылмады, Ақмола гарнизонының әскери соты жабық жағдайда өтті. Бұдан кейін, 2018 жылдың басында ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевты «қаржы жымқыру және жылыстату» айыбымен тағы соттады. Екі соттың үкімі біріктіріліп, ол 12 жыл түрмеге кесілді. Оған  «қаржы жымқырды және оны жылыстатты» деп тағылған айыптың да қыр-сыры ашылмады. Өйткені ол әскери адам болғандықтан, оның сотына қатысты мәліметтер құпияланып тасталды.  Өмір бойы мемлекеттің құқық қорғау органдарында қызмет еткен әскери шенеуніктің қаржыға қатысты айыпталуының былайғы жұртқа  түсініксіз болып қалуы сондықтан. Дегенмен, «ТұранӘлемБанктің» бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтiң өліміне байланысты Тараз қаласында өтіп жатқан сот процесі ҰҚК-нің экс-басшысының не үшін ұзақ мерзімге сотталғанына қатысты мән-жайды ашып берген сияқты.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Вице-министр: жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болды" - "Жергілікті полиция және ішкі істер департаменті деп бөлу құқық қорғау қызметінде бір адамдық басқару және бағындыру шартын бұзуға әкелді. Жергілікті полиция және ішкі істер органдарының басқармалары арасында қайшылық фактілері орын алды. Жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болған. Тіпті аудандық бастықтардың облыстық жергілікті полиция басшыларына бағынбаған фактілер болған. Осындай жағдай президент әкімшілігінің тексерісі кезінде де расталды. 

14 наурыз 2018, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.