Атырау, 28 наурыз 18:55
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы ауысады

2 453 просмотра


Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы ауысады. Бұл жайлы сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттердегі өз парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

«Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео біздің жаңа мемлекеттік хатшы болады. Ол тамаша жұмыс атқарып келеді! Рекс Тиллерсонға қызметі үшін алғыс айтамын!» -деп жазды Дональд Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, Орталық барлау басқармасының жаңа директоры болып алғаш рет әйел адам - Джина Хаспел тағайындалады.

Дереккөз: inform.kz

14 наурыз 2018, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.