Атырау, 18 маусым 16:35
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 336.39  € 390.28  P 5.36

​Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс

13 наурыз 11:15


Әрбір министрлік 20 мың грант бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Жол картасы бойынша қосымша оқу гранттарына қатысты ұсыныстарымыз тиісті қаулы жобасы ретінде министрліктерге, «Атамекен» ҰКП-ге және жоғары оқу орындарына жіберілді. Енді олардың ұсыныстарын күтіп отырмыз. Сол жобаға сәйкес 11 мың грант техникалық мамандыққа, 5 мың грант басқа  мамандықтарға, 3 мың грант магистратураға және 1 мың PhD бағыттарына бөлінді», - деді министр. 

Осы ретте ол Ұлттық бірыңғай тестілеуге уақыттың аз қалғанын айтып, қай мамандыққа қанша грант бөлінетіндігін, қай мамандыққа бәсекелестік басым екендігін білу маңызды екендігін баса айтты. 

«Біздің ойымызша, осы гранттардың саны мамандық бойынша алдын ала барлық министрлікпен келісіп, жоба ретінде бір айдың ішінде жариялануы қажет. Халық мұны күтіп отыр. Сосын бюджеттік процестер бюджеттік  заңға өзгерістер, нормативтік актілер, оның бәрі тиісті  уақытымен болады. Сонымен  әр министрлік осы 20 мың грант туралы нақты ұсынысты 1 жетінің ішінде тапсыруы қажет. Сондай тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді Ерлан Сағадиев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарата.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

282 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​ЕО Кеңесі Brexit бойынша өтпелі кезең мерзімін нақтылады   381 рет қаралды

Автобус қайда барады?  1520 рет қаралды

Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің елімізде нақты қашан көрсетілетіні белгілі болды   832 рет қаралды

Пәтер температурасы 20 градустан асса, талап қабылданбайды  1105 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6