Атырау, 29 наурыз 18:56
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"«Ініміз түрмеде мүгедек болды»". "ҰҚК Тоқмәдидің «қателік» жайлы айтқан видеосын жариялады". "«Үлкен өтіріктің жолын кестім. Жазушылар одағы үндемейді» — Қабдеш Жұмаділ". "Қытайдың қорғаныс бюджетінің басым көбі ел тұрақтылығын сақтауға жұмсалады".

3 042 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Туыстары: «Ініміз түрмеде мүгедек болды»" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Леңгір қаласына қарасты Шахта Тоғыз ауылындағы ИЧ-167/9 түрмесінде жазасын өтеп жатқан Батырхан Жүсіповтің туыстары оның соққыға жығылып, бір жарым жылдан бері төсек тартып, мүгедектер арбасына таңылғанын айтады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Жүсіповтің денсаулығы туралы мәліметтер «дәрігерлік құпия болып саналатынын», ол туралы басқа да деректер «жариялауға жатпайтынын» хабарлады.

ZHASALASH.KZ. "ҰҚК Тоқмәдидің «қателік» жайлы айтқан видеосын жариялады" - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) өз сайты мен YouTube-тегі парақшасына Таразда «күзет астынан қашу» әрекетінен кейін ұсталған Мұратхан Тоқмәдидің сөзінен үзінді келтірілген видеоны жариялады. 48 секундтық видеода 2004 жылы қазақстандық банк басшысы Ержан Тәтішевті «тапсырыс бойынша өлтірген» деген айып бойынша сотта ісі қаралып жатқан 52 жастағы кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди жалаң қабырғалы бөлмедегі үстел басында отырып сөйлеген сөзінде «өзін жақсы сезінетінін, денсаулығына шағымы жоқ екенін» айтады.

QAMSHY.KZ. "Ұлықбек Есдаулет: Одақты батып отырған шығындардан құтқаруымыз керек" - Қазақстан жазушылар одағының жаңа төрағасы Ұлықбек Есдаулет одақтағы жұмысына қатысты жоспарын айтты

AIKYN.KZ.7–20–25» НАРЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?" - Қазір көп адамның бас ауруы – баспана мәселесі. Мәселені ши шығармай шешу өте қиын. Әлдекімдер айтатындай «өзі аз халыққа тегін баспана үлестіре салу да» мемлекеттің ойына келмейді емес. Қазақтың баспаналы болуы – биліктің жомарттығына ғана емес, нарықтың талабына, теңгенің бағамына, жылжымайтын мүлік нарығындағы компаниялардың мүддесіне тікелей тәуелді. Сондықтан мемлекет үнемі мейлінше қолайлы бағ­дар­ламалар ұсынып келеді. «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» – бұған айқын мысал. Жақында ғана Пре­зидент ұсынған «7 – 20 – 25» бағдар­лама­сы – «пәтер жалдау» ұғы­мын жоюға жа­сал­ған кезекті қадам.

FORBES.KZ. "2025 жылға қарай исламдық қаржы активтерінің үлесі $4 млрд-тан асуы мүмкін" - Қазақстан ислам қаржысын қалай және қанша көлемде тартты, инвестиция қайда бағыт алып жатыр.

365INFO.KZ. "«Үлкен өтіріктің жолын кестім. Жазушылар одағы үндемейді» — Қабдеш Жұмаділ" - Еліміз тәуелсіздік алғалы білсін-білмесін тарихты жазатындар көбейіп кетті. Кеңес заманында тарихқа қалам тартатындар некен-саяқ болса, бұл күні екінің бірі тарихқа қалам тартқыш. Әрине, жазылмасын демейміз. Онсыз да кеңес тұсында бұрмаланып, жұлым-дұлымы шыққан тарихқа жаңа көзбен қарап, иісі қазақтың өткен өмірін көрсетіп беретін шығармалар дүниге келіп жатса, кәне?

QAZAQTIMES.COM. "Қытайдың қорғаныс бюджетінің басым көбі ел тұрақтылығын сақтауға жұмсалады" - Америкалық танымал басылымдардың хабарына қарағанда, соңғы жылдары Қытай билігі елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтап тұруға жұмсаған қаражаты, әскери қуатын нығайту үшін жұмсаған қаражатынан асып кеткен. Айталық қорғаныс саласына бөлінген бюджеттің 20 пайызынан астам қаржыны ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау үшін жұмсаған. АҚШ-тың The Wall Street Journal басылмы болса бұны: «Қытай басшысы билігі күшейген сайын, ел ішіндегі қауіпсіздіктен көбірек алаңдай бастағанын білдіреді», – деп бағалайды. 

"Еуроодақ Қырымдағы президент сайлауын мойындамайды" - Еуроодақтың жоғары дипломаты Федерик Могерини 12 наурыз күні Киевке сапары кезінде: «Ресми Брюссель Қырым аннекциясы мен онда өтетін Ресей президент сайлауының қорытындысын да мойындамайды. Біз Қырым мәселесіне байланысты бағытталған санкцияларымызды күшейтеміз» - деген.

SN.KZ. "Сарыағаштағы 7 жасар баланы жабылып зорлау ісін ОҚО ІІД басшысы жеке бақылауына алды" - Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, баланың зорлануына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабы 4 бөлігімен (Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер) іс қозғалған. Бұған дейін ауылдың полицейлері тек «денсаулығына орта деңгейлі зақым келтіргені үшін» деген баппен іс қозғаған болатын.

EGEMEN.KZ. "Шығыста алты аудан мен бір қала су тасқынымен арпалысуда" - Дәл қазіргі уақытта өңірдің 6 бір­дей (Аягөз, Үржар, Күршім, Ұлан, Глу­бокое, Зайсан) ауданы мен облыс ор­талығы – Өскемен қаласының тұр­ғындары төтенше апатпен арпалы­суда. Әсіресе коммуналдық сала қыз­мет­керлерінде тыным жоқ. Кеше ауа райының қолайсыздығына байланыс­ты Өскемен мен Риддер қаласындағы мектептердің 1-11 сынып оқушылары, 1-2 курс студенттері сабақтан босатылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, өңірдегі су кірген үйлердің саны 100-ден асып кеткен. 

"Жалға алынған жерлерге үздіксіз мониторинг жүргізілмек" - Жуырда Мәжілістің жалпы отырысында де­путат­тар «Қа­зақ­стан Рес­пуб­­ликасының кейбір заң­на­малық актілеріне жер қаты­нас­тарын реттеу мәселелері бойын­ша өзгеріс­тер мен толық­т­ы­рулар енгізу туралы» заң жо­басын екінші оқы­лымда ма­құл­дап, Сенат­қа жө­нелтті. Бұл құжат Жер ре­формасы жө­ніндегі комис­сия жұмысының нә­тиже­сін­де әзірлен­ген бола­тын. Комис­­сияның барлық ұсы­ны­сы заң жобасына енді.

TURKYSTAN.KZ. "ЕЛІМІЗДЕ БЕНЗИН ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАШАН БАСТАЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ" - Зерттеу барысында анықталғандай, отандық МӨЗ-дер жанар-жағармайға сұранысты жапқан күннің өзінде ол тек ортамерзімді кезеңді ғана қамтитын болады. «Яғни, болжам бойынша, автобензин тапшылығы 2021 жылдан кейін байқалмақ. Ал дизельдік отын тапшылығы 2023 жылдан соң, авиакеросин жетіспеушілігі  2026 жылдан бастап сезіле бастайды. Одан бөлек, тәжірибе көрсетіп отырғандай, елдегі мұнай өңдеу зауыттарының аяқасты жұмысын тоқтатуы Республика ішінде жанар-жағармай тапшылығын тудырады» делінген ҚР Энергетика министрлігі ҚазАқпараттың ресми сауалына жолдаған жауабында.

"ЛИВАН ЕЛШІСІ: АСТАНА - ІШ ПЫСТЫРАРЛЫҚ ҚАЛА" - Қазақстанның туризм саласында өзге елдермен ынтымақтастығын кеңейтуге арналған дипломатиялық корпус үшін брифингте сөйлеген сөзінде елші туризмнің "бизнес-сектрор емес, мәдениет" екендігін атап өтті.


13 наурыз 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.