Атырау, 19 маусым 03:53
Таңертең ашық+25, күндіз +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 338.78  € 392.82  P 5.35

Алым төле де, ауыр жүк таси бер - 2    

12 наурыз 17:03


Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясында  трассаларда жүк тасымалдау мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық әкімдіктер, «“Казавтожол” ҰК» АҚ және экология департаментінің өкілдері, сондай-ақ өңірдегі компаниялар мен карьер басшылары қатысты.

Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Найзабек СҮГІРОВ

Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Аманжол ХАБДЕШОВ автомобиль көлігімен жүруде әр өске 10 тоннадан қарастырылғанын, ал көктемгі су тасқыны және жаздың ауа температурасы жоғарылаған кезде ол 8 тоннаға дейін жеңілдетілетінін айтып өтті. Сонымен қатар, көліктің артық жүк тасымалдап келе жатқаны анықталған жағдайда, тасымалдаушыға ғана емес, оны жөнелткен каръер басшысына да әкімшілік айыппұл салынады.

Индер ауданындағы «НБ-Индер» ЖШС директоры Нұрбек ЕСОВ:

- Осы жерде отырғандардың көбіміз каръер басшыларымыз. Индер-Атырау тас жолымен құрылыс құмын таситын автокөліктердің көп пайда табу үшін жүкті бірден көп қылып тиеп тасымалдағысы келетінін бәріміз білеміз. Келген тасымалдаушы бізге құмды Индердің ішіне ғана жеткізетінін айтады, ал одан әрі қайда жеткізетінін біз білмейміз. Бұл жағдайда неге жүк жөнелтуші де әкімшілік жауапкершілікке таратылуы керек?

- Тауар-көліктік жүк құжатында міндетті түрде тасымалданатын жүктің маршруты көрсетіледі. Егер тасымалдаушы жүк жөнелтуші көрсеткен маршруттан басқа жерге бағыттаса, оның тауар көліктік жүк құжаты жоқ деп есептеледі. Яғни, жүк жөнелтуші әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігінің инженері С.ДЮСЕНҒАЛИЕВ:

- Көліктік бақылау инспекторлары тексеру кезінде жол қозғалысына кедергі келтіреді. Біз ол бойынша бірнеше рет ескерту жасадық. Осы мәселе қаншалықты шешімін табады?

- Тас жолдардың тарлығы мен арнайы алаңдардың болмауынан осындай мәселенің бар екені рас. Мұны реттеу үшін тиісті органдарға бірнеше рет хат жолданды. 2018 жылдың соңына қарай тас жолдар бойында арнайы алаңдар салынатындығы жоспарланған.

Залдан сұрақ:

- Таразыға салып өлшеген кезде, жүк тасымалдаушы инспекторлармен келіспеген жағдайда, қалай болады? Өйткені таразыда да қателік болуы мүмкін ғой.

- Бұрын тасымалдаушылар мұндай жағдайда инспекция басшысының атына арыз жазып, бір тәуліктің ішінде қайта өлшететін. Алайда сол бір тәулікте автокөліктен артық материалдарын түсіртіп, келесі күні өлшегенде салмағының қалыпты болып шығу жағдайлары көп тіркелді. Сол себепті, қазір ол заңға өзгеріс енгізілгендіктен, қазіргі жағдайда инспектордың өзі аудио-видео жазба құралдарымен  үш сағаттың ішінде кері өлшеуіне құқылы.

«АЖ» сұрағы:

- Жаздың күндері ауа температурасы жоғарылағанда, трассаларда ауыр жүк көліктерінің уақытша жүруіне шектеу қойылады. Биыл ол уақыт қалай белгіленген?

- Бұрынғыша. Таңертеңгі 10.00-нан түнгі 22.00-ға дейін. Бірақ, кей кездері түнгі уақытта да ауа температурасы 30 градус ыссылықты көрсетіп тұруы мүмкін. Ол үшін біздің бекеттерде сертификатталған термометр бар.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Суретті және видеоны түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1698 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

"Алым төле де, ауыр жүк таси бер"   2264 рет қаралды

Сұңқар қашан самғайды?  1174 рет қаралды

Дауды шешер жол қайда?  1804 рет қаралды

Такси шақырттыңыз ба?  1226 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6