Атырау, 24 сәуір 04:30
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бостандықты аңсаумен...

Сурет Бейнежазба
3 099 просмотра

УГ- 157/11 әйелдер түзету мекемесінде «Көктем аруы- 2018» байқауы өтті. Сайысқа 5 қыз қатысты.

Бірінші турда қыз-келіншектер көрермендерге өздерін таныстырды.  Сайыстағы ең қызықты тур «Ас мәзірі» бөлімі болды, мұнда қатысушылар кезінде балалары мен туған- туыстарының сүйікті астарын әзірледі.

Г. жазасын өтеуші:

- Бүгінгі сайысқа жасағымның атымнан шықтым. Ұзақ дайындалдым, бар өнерімді салып, жеңіске жетуге ұмтыламын.

Дәл осы қатысушыға «Көктем аруы- 2018» атағы беріліп, көктем тәжі берілді.

Руслан СҰЛТАНОВ, мекеме бастығының орынбасары:

- Бүгін жер бетіндегі барлық әйелдердің мейрамы. Осы сұлулық мекемесін біз де атап, мекемедегі нәзік жандыларға қуаныш сыйлағымыз келді. Олар осындай шараларда белсенді болып, жақсы мінездеме алып жүрсе, бостандыққа тезірек шығуға мүмкіндіктері бар.


Фархат ӘБІЛОВ 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

12 наурыз 2018, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.