Атырау, 28 наурыз 14:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Ермек Тұрсынов: Бүркіт пен Қайраттың түсірген киносын көруге шыдамым жетпеді". "Қытай басшының биліктегі мерзіміне қойылған шектеуді жойды". "Сарапшы: «Ақтөбедегі полиция өлімі суицид емес, теракт болуы мүмкін»".

3 290 просмотра

JASQAZAQ.KZ. "Е.Тұрсынов: Бүркіт пен Қайраттың түсірген киносын көруге шыдамым жетпеді" - Өткен аптада Қазақстан Кинематографистер одағының басшылық қызметіне белгілі режиссер Ермек Тұрсынов сайланды. Режиссерді жаңа қызметімен құттықтадық. Ауруханада ем алып жатыр екен. Әйтсе де, сұхбат беруге келісті. Әдеттегідей, екеуара әңгімені өзгеше ойларымен бастап кетті.

AZATTYQ.ORG. "Қытай басшының биліктегі мерзіміне қойылған шектеуді жойды" - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы ел президенті Си Цзиньпиннің билікте отыру мерзімін шектейтін бапты өзгертуді басым көпшілік дауыспен мақұлдады. Наурыздың 11-і күні Пекиндегі жиында үш мыңға жуық делегаттың екеуі қарсы дауыс берген, тағы үш адам дауыс беруден қалыс қалған.

"Феминизм радикалды қозғалыс деп ойлаппын" - Алматыда үш күн бойы ұйымдастырушылар "Гендерлік теңдік апталығы" деп атаған FemAgora фестивалі өтті. Ол Қазақстанда халықаралық әйелдер күні мерекесімен қатар өтті.

ZHASALASH.KZ. "Жазушылар одағының құрылтайы: Қол соғыңыздар!" - Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайы басталды. Абай атындағы Опера және балет театрында өтіп жатқан құрылтайға аймақтардағы одақ мүшелері толықтай дерлік қатысып жатыр. Қаламгерлер бұл құрылтайда одақтың су жаңа төрағасын сайламақшы. Төрағалыққа кімдер ұсынылатыны, кімнің қанша дауыс жинап, төраға болары әзірге белгісіз. Дегенмен, құрылтай қызу әрі тартысты өтетін сияқты.

"Ресей спортындағы допинг туралы түсірілген фильм «Оскарды» иеленді" - Америка киноакадемиясының «Оскар» жүлдесін «Үздік фильм» номинациясы бойынша режиссер Гильермо дель Тороның «Су пішіні» фильмі иеленді. Гильермо дель Торо бұған қоса «Оскар» жүлдесін «Ең үздік режиссер» ретінде де алды.

SN.KZ. "Сарапшы: «Ақтөбедегі полиция өлімі суицид емес, теракт болуы мүмкін»" - Танымал заңгер, Қазақстан президенттігіне екі рет кандидат болған Сәлім Өтен биыл Ақтөбе әкімдігінде болған полиция өліміне қатысты өз зерттеуін жүргізіп жатыр. Тергеу органдарында үлкен тәжірибесі бар сарапшы кіші лейтенанттың суицид жасағанына сенбейді деп жазды "Актобе Таймс" газеті.

QAZAQTIMES.COM. "АҚШ араб елдерімен қару-жарақ саудасын көбейте түсті" - АҚШ-тың Сыртқы істер министрлігі Катар мен Біріккен Араб Әмірлігіне құны 467 млн АҚШ доллары тұратын қару-жарақ сатуды бекітті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады. 

"CIA-дың жаңа баяндамасы: АҚШ пен Қытай қақтығысқа дайындалуда" - АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (Орталық барлау агенттігі/CIA) жасаған құпия мәліметте, Қытайдың АҚШ-қа бағыттаған астыртын әрекеттері туралы егжей-тегжейлі баяндалған. Мәліметке қарағанда Қытай АҚШ-тың барлау агенттерін сатып алуға тырысып жатқаны айтылған. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлады.  

QAMSHY.KZ. - "Әлеуетті әскер әлжуаз әнді шырқамас болар" - Қазақтың эстрада жанры кенжелеп дамып келе жатқандықтан, оны оңдырмайтын айтқыштар да көп. Сынауға сауаты жетсін-жетпесін, әйтеуір, ерінбегеннің бәрі емеурін білдіріп қалуға құмар. «Нашар», «быт-шыт», бытықы-шытықы... Жаза-жаза жауыр, айта-айта ақжем болған ол тақырыпқа соқпай-ақ, бұл жолы біз саптағы сарбаздар сарынының сиқына тоқталып көрмекпіз...

AIKYN.KZ. "Ғасыр кездесуі" өтуі мүмкін бе? - Бірнеше аптадан бері АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ынның кездесу мүмкіндігі туралы жорамалды бүкіләлемдік БАҚ қызу талқыға салып жатыр.

"Президенттің ұсыныстары заңмен қадағаланады" - Депутаттық корпус Елбасы жариялаған «Президенттік бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысын өткізген палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Мәжіліс басшысы сондай-ақ қазақстандық әйелдерді 8 нау­рыз мерекесімен құттықтады.

FORBES.KZ. "Түрмедегі табыс: Түзеу мекемелерінде бизнес ашу мүмкін бе" - Сотталғандар өз кәсібін қалай ашты, колонияларда жұмыспен қамту деңгейі қандай.

365INFO.KZ. "«Інің емеспін». Атышулы Атамбаев тағы не бүлдірмек?" - Қырғыз Республикасының президенті болып сайланғанға дейін Алмазбек Атамбаев ұзақ уақыт ҚСДП-ны басқарған еді. Алмазбек Шаршенұлы мемлекет басшысы лауазымынан кеткен соң қайтадан үйреншікті жұмысына оралып, партия басшысы болуы мүмкін деген болжам жасалған еді. Алайда съезд өткізудің қайта-қайта кейінге шегерілуі социал-демократтар партия жетекшісін сайлауға қатысты бір мәмілеге келе алмай жатыр деген қауесеттің туындауына себеп болған.

12 наурыз 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.