Атырау, 28 наурыз 13:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Ресейде ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған

2 121 просмотра


Ленинград облысында ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Российская газета" басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, ер адам киллерге аванс төлеу үшін қаржы ұйымынан 40 мың рубль алған. Ақшаны алудағы мақсат деген жерге өзіме қажет деп толтырыпты. 

"Тергеу комитеті облыстық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 9 наурызда сот ер адамды бес жылға қамап, екі жылға бас бостандығына шектеу қойды. Ол кісі өлтіруге дайындалған деп айыпталды", - делінген жарияланымда. 

Айта кетейік, Санкт-Петербург қаласының 22 жастағы тұрғыны әйелін 2017 жылы жазда өлтірмекші болған. Ол киллер іздеп, танысына айтқан, ол мұны полицияға хабарлапты. 

Ақыры киллердің ролінде полицей болып, жігіт ұсталды. 

"Ер адам "киллермен" кездесіп, оған екі пышақ пен әйелінің суретін және мекенжайды берген. Қылмыстың орындалғанына көзі жету үшін әйелдің жеке заттарын талап етіпті. Ер адам аванс беруге келгенде ұсталды", - делінген жарияланымда. 

Кейін ер адамның бұл қылмысқа не үшін барғысы келгені анықталды, ол әйелін жақтырмаған және кішкентай қызын өзі ғана қамқорлыққа алғысы келіпті. 

Басылымның мәліметінше, ерлі-зайыптының мінездері жараспай, үйлену тойынан біраз уақыт өткенде ажырасып кеткен.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 наурыз 2018, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.