Атырау, 26 сәуір 01:36
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Кореяны біріктірудің жаңа тарихы басталатынын мәлімдеді

2 625 просмотра


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Кореяны біріктірудің жаңа тарихы басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Солтүстік кореялық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Мұны Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің арнайы өкілдерімен кездесуінде айтқан. Олар Солтүстік Корея басшысына Оңтүстік Корея президентінің хатын тапсырған. 

Арнайы өкіл Мун Чжэ Иннің жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынғанын жеткізді. Хатты оқыған соң Корея Халықтық Демократиялық Республикасының көшбасшысы дереу шара қолдануды тапсырған. Мұндай сөз Ким Чен Ынның аузынан алғаш рет шығып отыр. Кездесуде Корея жарты аралындағы шиеленісті жұмсарту және кореяаралық қарым-қатынасты дамыту талқыланған. 

Бұған дейін Пхеньян зымырандарды сынап, Корея жарты аралындағы жағдайды шиеліністіріп келген еді. Соңғы кезде екі ел арасы "жылып" келеді. Солтүстіктегілер Пхенчхандағы қысқы олимпиадаға қатысу туралы ұсынысты қабыл алған болатын.   

Дереккөз: astanatv.kz

7 наурыз 2018, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.