Атырау, 24 сәуір 17:07
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Саябаққа қол жеткізді

4 210 просмотра


Атыраудағы Ретро-саябақ ашылғаннан кейін оған қызмет көрсету үшін «Атырау мәдениет және демалыс саябағы» КМК құрылды. «АЖ» тілшісі оның директоры Әнуар ЖҰМАБАЙМЕН тілдескен болатын.

- Мен түрлі елдердегі көптеген саябақтарды аралап көрдім, ол жақтарда әрбір бос жер тыныш және жайлы орын жасау үшін қолданылады. Мен қаламыздағы жағдайды өзгерту үшін барлық күш-жігерімді жұмсамақ болдым.

Екі жыл бұрын Әнуар Жилгород саябағының аумағын сенімді басқаруға алуға тырысқан. Бірақ онысынан ештеңе шықпады. Енді ол қалалық әкімдіктің Ретро-саябақта қала тұрғындарының демалысын ұйымдастырумен айналысу ұсынысына еш ойланбастан келіскен.

Бүгінде КМК штатында бірнеше адам ғана бар. Әзірге әкімдікте қаржыландыру мәселесі талқылануда, ал жігіттер белсенді жұмыс жасап жатыр. Жыл басынан бері саябақ аумағында оннан астам іс-шаралар өткізілді. Ең есте қаларлық шаралардың бірі - «Shana go!» шанамен сырғанау жарысы.

- Қала тұрғындарының демалыс мәдениетін жақсарту басты міндет деп санаймын, - дейді Әнуар. - Саябақ ашылғаннан кейін алғашқы күндері жүрегім қан жылады: адамдар газонды таптап, субұрқақтарға аяқ киімдерін жуып, қоғамдық дәретхананы бұзып тастады, аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүсіндік композициясының барабан таяқшасын сындырып тастады. Дегенмен тұрғындар демалыс орындарына анағұрлым ұқыпты қарайтын болады деген сенімім жоқ емес. Бұл әдетке айналады.

- Кәсіпорын қалай қаржыландырылады?

- Бастапқыда бұл қымбат жабдықтарды - суару жүйесін, субұрқақтар, лазерлік шоу қондырғыларын орнатуға бағытталған бастапқы сома болады. Ал болашақта өзімізді өзіміз қамтамасыз етуіміз керек. Инвесторлар тартатын боламыз. Біз үшін көшедегі кітап сөресін дайындауға келісім берген бір демеуші табылды. Қала тұрғындары кітаптар бөліседі, 600-ден астам кітап жинадық. Күн жылынғанда саябақта таза ауадағы шағын кітапхана  пайда болады.

Әнуар аға буынды да саябаққа тартуды жоспарлап отыр. Ал күн жылынғаннан кейін жаттықтырушылардың жетекшілігімен баршаға арналған йога мен гимнастикадан тегін сабақтар басталады. Уақыт өте келе тир, ашық кинотеатр пайда болады.

- Ретро-саябақтың жанында Жилгород саябағы бар. Оны жандандыру туралы ойыңыздан айныдыңыз ба?

- Жоқ. Олардың арасындағы аралықты алып тастайды. Менің білуімше, қала билігі ол жерді қайта жарақтамақ. Болашақта екі саябақ бірыңғай кешенге айналуы мүмкін.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

6 наурыз 2018, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.