Атырау, 20 сәуір 11:09
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қытай қорғаныс саласына жұмсалатын қаржыны көбейтті

1 762 просмотра


Биыл Қытай билігі қорғаныс саласына жұмсалатын қаржы көлемін 175 миллиард АҚШ долларына дейін көтерді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Мұндай мәлімет Бейжіңде жыл сайын өткізілетін халық өкілдерінің бүкілқытайлық сессиясында жарияланды. Халықаралық сарапшылар шын мәнінде Қытайдың әскери салаға жұмсайтын қаржысы ресми жарияланған сомадан 25 пайызға көп болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Өйткені жарияланған сомаға қорғаныс саласындағы ғылыми-техникалық жобалар мен шетелден импортталатын қаруға жұмсалатын қаржы көлемі қосылмаған.

Айта кету керек, әлем бойынша Қытай АҚШ-тан кейін қорғанысқа ең көп қаржы жұмсайтын елге айналып отыр. Бұл мемлекет әскери сарбаздарының саны бойынша әлемде көш бастап тұр.

Дереккөз: 24.kz

6 наурыз 2018, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.