Атырау, 24 сәуір 01:02
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ресей тыңшысы хал үстінде жатыр

1 802 просмотра


66 жастағы Сергей Скрипаль 2010 жылы Ресей мен АҚШ арасындағы тыңшылық мансабы әшкере болған соң, сотталып, кейін Ұлыбританияда тұруға рұқсат алған. Көп жылдан бері бейбіт тұрғынға айналған экс-тыңшы 33 жастағы әйелмен бірге Солсбери сауда орталығында хал үстінде жатқан күйінде табылып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Ресей Басты барлау басқармасының экс-полковнигі өз туған жерінде мемлекетке жасаған сатқындығы үшін сотталып, Ұлыбританиядан тұрақты тұруға рұқсат алған болатын. Ол жақында ғана полиция қызметкерлеріне хабарласып, өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтыпты.

Қазір емханада ес-түссіз жатқан қария мен әйелдің белгісіз бір заттан уланып қалғаны анықталған. Осыған байланысты, сауда орталығындағы олар тамақтанған мейрамхана уақытша жабылды. Жергілікті тұрғындардан өзге ешқандай улануы туралы шағым түспеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары Солсбери тұрғындарын мұқият болуды шақырады.

Айта кетерлігі, Сергей Скрипаль 2006 жылы тамызда Мәскеу сотымен мемлекетке жасаған опасыздығы үшін сотталған. 2010 жылы АҚШ-тың 10 тыңшысын босату үшін алмастыру мақсатында 4 Ресей тыңшысының біреуі ретінде түрмеден босатылған. Дмитрий Медведевтің рақымшылығына ілініп, Ұлыбританияға көшіп кеткен.

Осыған дейін Ресей Басты барлау басқармасының экс-қызметкері Александр Литвиненко да 2006 жылы Ұлыбританияда полонийден уланып, көз жұмған болатын.

Дереккөз: Baq.kz

6 наурыз 2018, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.