Атырау, 20 сәуір 03:03
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Көше сыпырып, үй салдық..."

Сурет Бейнежазба
7 099 просмотра


Атырау тұрғындары үшін көше тазалап жүрген қызыл арнайы киімді адамдарды көру үйреншікті жайт. Олардың көпшілігі – өзге елден келген әйелдер. Мұнайлы астананың тазалығын «Арнайыавтобаза» ЖШС-ның әрқайсысында 60-тай қызметкері бар 5 бригадасы қадағалайды.

 Осындай бригадалардың бірінің басшысы Гүлбаршын ИСКАКОВАНЫҢ қарамағында 55 адам бар, барлығы да Өзбекстан азаматтары  

- Біздің қызметкерлер сағат 7:00-де көшеге шығып, түннен қалған қоқыстарды жинайды, дейді Искакова. - Жақсы жұмыс жасағандарға сыйақы бар, 8 наурызда қыздарға 5 мың теңгеден бергелі жатыр.

«АЖ» тілшісі бірнеше жұмысшылармен тілдесті. Олардың бірі аспазшы, бірі тігінші, бірі мұғалім мамандығын бітірген, алайда елдерінде жұмыс жоқ болғандықтан, Атырауға келген екен. Өзін Шелін ТАСЫМБЕТОВА деп таныстарған 54 жастағы әйел 2010 жылы Қарақалпақстаннан Қазақстанға келген, осы жылдардан бері «Арнаулыавтобазада» жұмысшы болып қызмет етеді.  

- Отбасымызбен Қазақстан азаматтығын алдық. Жолдасым қазақ болған соң, бәріміз соның артынан келдік. Ол Қазақстанға 2004 жылы келді. №5 маршрутта жүргізуші болып қызмет етеді. Ұлым жиһаздар цехында, қызым кафеде жұмыс жасайды. Келінім аспазшы. Барлығымыз бір пәтерді жалдап тұрамыз.

Зияда ПЕРДЕБАЕВА: Арнаулы автобазаға жұмысшы болып 2006 жылы келген.

- Жолдасым мен қызым Қарақалпақстанда. 3-4 ай сайын 10-15 күнге ақысыз күн алып ауылға барып келемін. Жолдасым ауылда шағын егіншілікпен айналысады. Үлкен қызым педогогикалық институтта орыс тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, кіші қызым мектепте 9 сынып оқиды. Өзім колледже есепші мамандығына оқып, аз уақыт жқмыс істедім. Жалақымыз аз болған соң, осы жаққа келдім. Осы қызметтің арқасында ауылда үйімізді салып, қыздарымызды оқытып жатырмыз. Бұл жақта өзімнің жұмыстас 5 әйелмен бірге пәтер жалдап тұрамыз. Кісі басына айына 6 мың теңге төлейміз.

Жұмыс күніңіз қалай басталады?

- Таңертең сағат 6-да тұрып, таңғы асымызды ішеміз. 7-лерде көшеге шығып, кеше кеште берілген тапсырма бойыншажұмыс істейміз. Күнделікті тапсырмамыз әр түрлі: бірде аялдамаларды жусақ, бірде қар тазалауға жұмыламыз, жаңбыр жауса, көпір жуамыз, сыпырамыз.

Жанболат СҰЛТАНҒАЛИЕВ: «Арнаулы автобаза» директорының м.а:

- Қазір мекемеде 300-ден аса адам жұмыс істейді. Оның сексен пайызы әйел адам. Қазақстандықтардың саны -  60. Мекеме былтыр жалақыны 80 мың теңгеге көтерген. Алайда жергілікті халық мұндай жұмысқа келмейді.  


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Сурет және бейнежазбаны түсірген автор

5 наурыз 2018, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.