Атырау, 19 сәуір 14:01
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қызылордада мұнай ұрлығы бойынша сот талқылауы болды

2 706 просмотра

Фото: 123ru.net


Бүгін, 5 наурыз күні облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мұнай ұрлығына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің басты сот талқылауы басталды. Онда мемлекеттік айыптаушы 21 сотталушыға қатысты айыптау актісін жариялады.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, Қызылорда қаласының тұрғындары Ғ.Жүнісов пен Ғ.Кушекбаев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған адамдарды тарта бастаған. Топ мүшелері 2 кен орны мен 2 мұнай құбырларынан қара алтын ұрлауды ұйымдастырған. Жүнісов пен Кушекбаев қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін мұнай компанияның жұмысшылары мен күзетшілерін және мұнай құбырларын кесуге қабілетті адамдар жинайды.

«ҚуатАмлонМұнай» ЖШС мұнай компаниясы жұмысшыларының, яғни қылмыстық топтың халық қазынасына бей-жай қарамағаны таңқалдырады. Себебі, аталған азаматтар ұрланған мұнайдың литрін 8 теңгеге бағалаған. Ал сотталушы Е.Жонтаев (тергеу нұсқасы бойынша «Жыландықыр» кен орнына қолжетімділік қамтамасыз еткен) қара алтынның тоннасын небәрі 3 мың теңгеге сатқан.

Бұрынғы облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Б.Утенов те осы топтың мүшесі ретінде құқық қорғау құрылымдары тарапынан бұлтартпау шараларын қамтамасыз етпеген.

Заңсыздыққа жол берген топ мүшелерінің «Тұзкөл-Құмкөл» мұнай құбырын «кесіп», қара алтын ұрлағанын полиция қызметкерлері әшкерелейді. Соған қарамастан олар «оңай олжаға кенелдік» деп, Оңтүстік Қазақтан облысынан да мұнай ұрлаудың жаңа жолдарын қарай бастаған.

Ұрланған мұнай Қызылорда қаласының кәсіпкері К.Басқараевтың басшылығындағы қылмыстық топпен жүзеге асырылды. Шикізат сотталушының «КАИС-сервис» серіктестігі аумағындағы жерасты қоймасында сақталды. Оны өткізу үшін «Әлем Қызмет group» ЖШС-ның жалған құжаттары қолданылған. Тергеу нұсқасы бойынша екі серіктестік те қылмыстық топ бақылауында болған.

Қылмыстық сызбада ұрланған шикізатты алыпсатарлар да бар. Қара алтынның негізгі бөлігі қырғызстандық мұнай өңдеу зауытына өткізілген.

Белгілі болғандай, 5 сотталушы бұған дейін де заңсыз мұнай айналымына қатысқаны үшін істі болған. 2017 жылдың желтоқсан айында «КАИС-сервис» ЖШС жетекшісі салық төлеуден жалтарғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған.

Жоғарыда аталып өткен бұрынғы полиция полковнигі Б.Утенов 2017 жылдың маусым айында есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айында ведомствоаралық тергеу-жедел тобы ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ еліміздің бірқатар облыстарында мұнай ұрлығына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізілген болатын.

Дереккөз: syrboyi.kz

5 наурыз 2018, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.