Атырау, 28 наурыз 15:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қаламгерлер қармақ салды

Сурет Бейнежазба
4 745 просмотра

Жексенбі, 4 наурызда Жайық өзенінде Журналистер одағының Атырау облыстық филиалы Бұқаралық ақпарат құралдары және өңірдегі баспасөз қызметкерлерінің арасында спорттық-әуесқойлықпен балық аулау турнирін өткізді. Күн суықтау болса да шуақты болып, ауланған балықтан сол жерде жағада дәмді сорпа пісірілді.

Сайыс қорытындысы бойынша «Ең бірінші ауланған балық» номинациясында облыстық соттың баспасөз хатшысы Мирас ҒАБДОЛХАЕВ, «Ұсталған ең ірі балық» - «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, «Ауланған балықтың жалпы салмағы» - облыстық теледидар қызметкері Армат АБИТОВ, «Жалпы ауланған балық» номинациясында облыстық теледидар командасы жеңімпаз атанды. Дипломдардан басқа осы әуесқойлықпен мұз астынан балық аулау турниріне қатысушылардың барлығына облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.


Алма ҚАЛУСАРИЕВА

Суреттер мен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 наурыз 2018, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.