Атырау, 18 сәуір 13:18
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Елбасы жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салықты 10 есеге азайтуды ұсынды

2 158 просмотра


ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатындарға салықтық жүктемені жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана алуды ұсынамын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Айта кетерлігі, бірлескен отырысқа ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр. Осы орайда Елбасы осындай төмендеуден босатылған қаржы олардың еңбегін төлеуді арттыруға бағытталуы қажет екенін атап өтті. «Нәтижесінде жалдамалы жұмысшылардың үштен бір бөлігінен кем емесі, яғни екі миллионнан астам адамда еңбекақысы жұмыс берушілерге еш жүктемесіз өсетін болады. Ары қарай Үкіметке табыс салығының прогессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: inform.kz

5 наурыз 2018, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.