Атырау, 28 наурыз 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Айқасқа" тек қыздар шығады

Сурет Бейнежазба
9 013 просмотра


Атырау облыстық арнайы дайындық басқармасының оқу орталығында көктемнің алғашқы күндері қала мен аудандардан келген 35 полиция әйел бір апталық біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр.

Үш топқа бөлінген олар казармалық жағдайда өмір сүріп, таңнан кешке дейін өз кәсіптерінің қыр-сырларын үйреніп жатыр. Физикалық және атыс дайындығына ерекше көңіл бөлінеді. Бұларды көргенде «нәзік жандылар» деп айтуға ауыз бармас. Өйткені пысық қыздар «қылмыскерді» әп-сәтте қайырып тастайды. Мергендіктері де керемет, тирдегі дайындық бұған дәлел.

Алтай БАЙСҰЛТАНОВ, арнайы дайындық басқармасының бастығы:

- Біздің курстарда ер адамдар мен әйелдерге қойылатын талап бірдей. Оқытылатын пәндердің арасында дінтану да бар, бүгінде бұл өте өзекті мәселе. Курсты аяқтағаннан кейін қызметкерлер нормативтер тапсырып, сертификат алады.

Жазира ДҮЙСЕШОВА, Махамбет аудандық жергілікті полиция қызметкері: - Менің әкем 25 жыл құқыққорғау органдарында қызмет етті, содан шығар, бала кезімнен полиция болуды армандадым. Мектептен соң Алматыдағы ІІМ Академиясына түстім, міне 10 жылдан бері Махамбет АІІБ-те жұмыс жасап келемін. Қызметіміз оңай емес, алайда бұл мамандықты өзім таңдадым, еш өкінбеймін. 


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 наурыз 2018, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.