Атырау, 29 наурыз 02:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қисық автобус

Сурет
3 937 просмотра


28 ақпан күні кешке Атырау қаласы Махамбет даңғылы «Осипенко» аялдамасының маңында №14 маршруттағы қоғамдық көлік арыққа түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, қисайып келе жатырған автобус жол-көлік апатына тап болған.  Жол апаты кезінде бір жолаушы қатты шошып, талып қалған. Кейін ол ауруханаға барудан бас тартса, келесі бір жолаушы ем алуға мәжбүр болған.

Бір қызығы, сол күні «Смарт-Атырау» КММ, қалалық ТКШ бөлімі мен қалалық ІІБ қоғамдық көліктердегі заңсыздықтарды анықтау мақсатында рейд ұйымдастырған болатын. Заңсыздықтар анықталған көліктерге акт пен хаттамалар толтырып, тіпті кейбірін тұраққа кері қайтарып жіберілген.  Алайда «Смарт- Атыраудың» өкілі осындай талапқа сай емес автобустардың барлығын тоқтатса, қала қоғамдық көліксіз қалатынын айтты.



Рейд нәтижесіне сүйенсек, қала көшелеріне  202 қоғамдық көлік шықса, 49-ынан заңбұзушылықтар анықталған. 9 өрескел заңбұзушылық анықталып, оның 6-уы тұраққа кері қайтарылды.  Ал 3 автобус заңбұзушылықты лезде жойып, жұмыстарына кері оралған. Билет бермеген 20-ға жуық автобусқа ескерту жасалды. Сол күні қоғамдық көлікте тексеріс жүргізілетінін кондукторлар білгендей, мен мінген автобустардың бәрі билет беріп жатты...

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 наурыз 2018, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.