Атырау, 25 сәуір 01:09
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қарабатандағы өрт кезінде алты адам қаза болды

8 685 просмотра


Бүгін таңертең, 2 наурызда, таңертең жатақханадағы өрт кезінде алты жұмысшы қаза тауып, төрт адам зардап шеккен. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға Атыраудан 42 шақырым қашықтықта Қарабатандағы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС «Газ турбинасы электр станциясының» құрылыс алаңы нысанында орын алған.

Өрт алаңы 500 шаршы метр болған. Вахталық қалашық аумағындағы контейнер түріндегі жатақханада бұл кезде жұмысшылардың түнгі ауысымы – шамамен 20 адам болған, олардың 6-уы қаза болып, 4 жас жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген. Өрт шығудың алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынды

2 наурыз 2018, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.