Атырау, 29 наурыз 19:37
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Ғылым саласындағы былық-шылық», «Құқықтанушы: Аз ұлттарды ассимиляциялау жүріп жатыр», «Эмиграцияға кетуге "итермелейтін" факторлар», «”Ұлттық код”. Абылай, Әлихан, Нұрсұлтан...».

2 139 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Құқықтанушы: Аз ұлттарды ассимиляциялау жүріп жатыр» - Шетелдегі қазақтардың ең көп шоғырланған жері - Қытай. Онда ресми есеп бойынша бір жарым миллионға жуық этникалық қазақ бар деп айтылады. Ал 1991 жылдан бері Қазақстанға оралған барлық қазақтың он екі пайызы ғана Қытайдан келген. Қытай қазақтарының Қазақстанға көшу процесі неге баяу?

«Әндіжан оқиғасына қатысы бар адам билікке оралды» - Өзбекстанда бұрынғы ішкі істер министрі Закир Алматовтың билікке оралуы көпшілік күтпеген жаңалық болды. Оның есімін 2005 жылы мамырда Әндіжан қаласында болған қанды оқиғамен байланыстырады.

«"Арқадағ" эстафетаны ұлына тапсырды» - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов ұлы Сердар Бердімұхаммедовпен кезекті рет жұрт алдына шықты. Әкесі мен ұлы елде ұйымдастырылған спорт жарысына қатысты. Мемлекеттік басылымдар бұл оқиғаны "ұрпақтар мұрагерлігінің символы" деп атады.

«Эмиграцияға кетуге "итермелейтін" факторлар» - Қазақстаннан көшіп кеткендер саны төртінші жыл қатарынан ұлғайып отыр. Былтыр сырт елге кеткен адам саны көшіп келгендер санынан екі жарым еседей көп болған. Мұның себебін кей сарапшылар әлеуметтік және экономикалық қиындықтармен байланыстырса, өзгелері ұлттық саясаттың кемшіліктерінен көреді.

QAMSHY.KZ. «Ғылым саласындағы былық-шылық» - Жақында Scopus халықаралық базасы кезекті тазалау жұмыстарын жүргізіп, ғылыми құндылығы жоқ журналдарды тізімнен алып тастаған еді. Өшірілген журналдар ішінде қазақстандық ғалымдардың 250-ден астам еңбегі жарияланған басылымдар бар.

ABAI.KZ. «”Ұлттық код”. Абылай, Әлихан, Нұрсұлтан...» - Жалғанға Жаратқанның қалауымен келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің ғұмыр бойғы жасап кететін амал-әрекеттерінің  барлығы оның пешенесіне әлмисақтан-ақ жазылған. Кер заманның кесірі мен кесапатынан қайыспағаннан соң ба «қайратты ерге бақ тұрар», - депті алысты айнытпай болжай білген дана қазақ.

«Елбасы елдің сөзін айтты! Дариға кімнің әнін орындауда?!» - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде сөйлеуі керек» деген сөзін елдің 99 пайызы қуана қабылдап, қатты қолдауда! Қалған 1 пайызға мен Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі мен мемлекеттік мүддені қорғаған Президенттің сөзіне қарсы шығушыларды қосып отырмын.

365INFO.KZ. «"Баян солай байыған екен…". Шалақазақтар не бүлдіріп жүр?» -  Шоу-бизнесте ақша тауып жүргендер соңғы кездері киноны да табыс көзі ете бастаған. Кино түсіріп, байып жүргендер қатарынан Баян Есентаева, Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбаев, Ақан Сатаев сынды шоу-бизнес өкілдерінің төбесін көруге болады.

QAZAQUNI.KZ. «Ардақ Назаров болашақ офицерлермен кездесті» - Өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналғаны қашан. Тіпті, бұл сөздің үйреншікті болып кеткені соншалық, аталмыш құбылыс ешқандай үрей тудырмайтындай көрінеді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше біздің ел суицид фактісі тіркелу бойынша әлемде төртінші орында тұр.

INFORMBURO.KZ. «Құнын жоғалтпаған қазақтың киіз үйі шетелде де сұранысқа ие» - Кеңес өкіметі кезінен бері таңсық дүниеге айналған қазақтың киіз үйі қайта сұранысқа ие бола бастады. Тіпті еліміздегі ресми кездесудің символына да айналған.Дала дипломатиясы. 


2 наурыз 2018, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.