Атырау, 29 наурыз 20:19
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Прокуратура монополистермен қалай соттасты

3 116 просмотра


21 ақпанда Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті бірқатар монополистерге 1 сәуірден бастап уақытша өтемдік тарифтерді енгізу туралы бұйрық шығарды.

Тарифтер (ҚҚС-сыз) төмендетілген: «Атырау Жарық» АҚ (электр энергиясын беру және тарату) – бір киловатт үшін 4,84-тен 4,83 –ке дейін, яғни, тариф жаңа жыл алдындағы деңгейге қайтарылды; «АЖЭО» АҚ (жылу энергиясын өндіру және жеткізу) – бір гигакаллория үшін 6372,55-тен 6367,41 теңгеге дейін (бұл орташа босату тарифі: бұйрықта үйлерде жылу есептегіштердің болуы немесе болмауына байланысты өтемақы мөлшерін қайта есептеу монополистің өзіне жүктелген); «Атырау жылу жүйелері» АҚ (жылу энергиясын беру және тарату) – бір гигакаллория үшін 4658-ден 4653 теңгеге дейін; «Коммунальщик–Вест» ЖШС (жылу энергиясын беру және тарату) - бір гигакаллория үшін 2688-ден 2619 теңгеге дейін; «Жылыойгаз» ЖШС (табиғи газды тарату желілері арқылы тасымалдау) – мың текше метр үшін 2222-ден 2219 теңгеге дейін төмендетілді.

«Коммунальщик-Вестті» қоспағанда, 2018 жылдың қаңтарынан бастап көтерілген тарифтер туралы сөз болып отыр. «АЖ»-ға сенімді дереккөз хабарлағандай, өткен жылдың ақпанында облыстық прокуратура тарифті белгілеу процесіне қызығушылық танытқан. Сөйтіп, оның пікірінше, тарифтерге заңсыз енгізілген 9 тармақты тапқан. Прокуратураның талап-арызы бойынша өткен сот процесі бірнеше айға созылған.

Талап арыз 8 тармақ бойынша қабылданбай, тек біреуі бойынша қанағаттандырылды: сот монополистердің қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу шығындарын тарифке енгізуін заңсыз деп тапты.

Енді, дереккөздің айтуынша, департамент монополистерден қарсы талап арыз күтіп отыр. Өйткені, медициналық тексерулерді ешкім жойған жоқ қой...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

1 наурыз 2018, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.