Атырау, 24 сәуір 08:23
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр

2 311 просмотра


Бүгін Қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2016 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелерге өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойды. Осылайша елімізде жаңа мереке пайда болды - Алғыс айту күні. Алғыс айту күні Мемлекет басшысының ұсынысымен бекітілген болатын.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында біздің елге жер аударғандарды еске алған еді. 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оларға қалай қамқорлық көрсеткенін айтып берген болатын. 

"Алғыс айту күні - біздің мемлекеттік күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше мереке. Жас мереке болса да, бұл күн терең тарихымыздың белгісі. Ол сол бір қиын кездерді еске алып тұрады. Ол кезде адамдардың ең құнды қасиеттері қайырымдылық, рақымдылық пен өзара көмек болатын", - деген еді Президент. 

Алғыс айту күніне орай еліміздің бірнеше қаласында мерекелік іс-шаралар өтеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 наурыз 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.