Атырау, 23 мамыр 15:59
Кешке ашық+26, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.11  € 386.74  P 5.34

Оқушылар тегін жүреді

1 наурыз 00:00

№20 автобустағы (газель) кондуктор сабақтан үйге келе жатқан үш оқушыны сөмкесіндегі кітаптарға, анықтама қағазына да қарамастан келесі аялдамадан түсуін талап еткен. Себебін сұрағанда, «заң бойынша газельге тек 1 оқушыдан мінгіземіз» дегенді айтқан. Ал №11 маршрутқа оқушыларды мүлдет мінгізбейді екен. Бұл қаншалықты заңды?

Телефон арқылы 

Тұрғын сауалына «Смарт-Атырау» КММ-нің директорының м.а. Лунара РЫСПАЙ жауап берді:

Сыйымдылығы үлкен, орташа және шағын (газельдер) қоғамдық көліктеріде мектеп оқушыларын санына қарай тасымалдауға қатысты ешқандай шектеу қойылмаған.

Қалалық ТКШ мемлекеттік мекемесі және тасымалдаушылар арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, 17 жасқа дейінгі оқушы балалар тек оқу мезгілінде қоғамдық көлікте ақысыз жүруге құқылы, ал оқудан тыс уақытта толық жолақыны төлеуге тиіс. Сонымен қатар, қалаішілік маршруттарда төмендегідей санатқа жататын жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне;

- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

- Есту қабілеті нашар және зағиптар қоғамдастығы мүшелеріне;

- І-ІІ топ мүгедектеріне;

- 17 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына сабақ мезгілінде;

- Зейнеткерлерге;

«Смарт-Атырау» КМК басшылығы сондай-ақ, жекеменшік тасымалдаушылар үшін жергілікті бюджеттен жеңілдіктер қарастырылмағанын қаперге береді.

Дайындаған Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1008 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Оқушылар тегін жүреді  822 рет қаралды

Қазақстанда еркектердің декретке шығуы жиілеп барады   626 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  1056 рет қаралды

Made in Kazakh eli брендімен ЭКСПО-ға қатыспақ  1624 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8