Атырау, 20 сәуір 12:40
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

АМӨЗ-дегі төбелес

3 787 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды


«Ақ Жайықтың» бейресми ақпарат көзінің хабарлауынша, Атырауда 27 ақпан күні «Sinopec Engineering» компаниясының шетелдік қызметкерлері мен Атырау мұнай өңдеу зауытына қызмет көрсететін күзет компаниясының қызметкерлері арасында жаппай төбелес орын алған.

ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА жазбаша сауал жіберуді өтініп, "АЖ" тілшісіне толық мәлімет бермеді.

- Ахуал полиция бақылауына алынған, - деді тек Н.Қайсағалиева.

Әзірше бізге бақылау-өткізу пунктіндегі күзетшілермен төбелеске шамамен ҚХР-дың 6 азаматының қатысқаны ғана белгілі. Ал оларды жұмыс күнінің аяғына қарай зауыт аумағынан белгіленген уақыттан бұрын жібермегендігі жанжалға себеп болған.

«Sinopec Engineering» - «АМӨЗ-ді қайта жарақтау және жаңғырту» жобасының бас мердігер мекемесі.

Естеріңізге салсақ, бұрынғы жылдары да бұл нысанда шетелдік және жергілікті жұмысшылар арасында анағұрлым кең ауқымды қақтығыстар мен түрлі жанжалдар орын алған болатын. 

Айнұр САПАРОВА

28 ақпан 2018, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.