Атырау, 17 сәуір 02:02
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Сіз кімсіз, З. мырза?

3 730 просмотра


Жақында құрбым қымбат смартфонды сыйлыққа алатындығы туралы sms-хабарлама алған. Хабарлама жіберуші телефон нөмірін көрсетіп, оған мүмкіндігінше тез арада байланысуы керектігін айтыпты. Ол менен осы жаңалықтың шынайылығын тексеруді өтінген болатын.

«МҰҚИЯТ ТЫҢДАҢЫЗ...»

Оның емес, өзімнің нөмірімнен қоңырау шалдым – тұтқаның ар жағынан өзін танымал өлшемелі шай сататын компанияның аға менеджері Олег Борисович Захаровпын деп таныстырған адам жауап берді.

- Сізден телефон ұтып алғаным туралы хабарлама алдым.

- Иә, иә! Өз нөміріңізді айтыңызшы! – деп дабдырлай жөнелді ол. – Қазір компьютерден тексерейін... Бәрі, дұрыс! Сіздің нөміріңіз жеңімпаздар қатарында. Біздің компания туралы естіп пе едіңіз?

- Иә, шай сатып аламын.

- Барлығы дұрыс. Біздің компания сізге Samsung Galaxy S8 ұялы телефонын сыйға берді, себебі сіз өзіңіздің нөміріңізді ұзақ уақыт пайдаланып келесіз. Бұл телефонның құны 262 мың теңге. Сіз оны қайдан алғыңыз келеді? Өз қалаңыздан ба, әлде бізге Астанаға келгіңіз келе ме?

- Әрине, өз қаламнан!

- Сізден талап етілетін нәрсе – тіркеуден өтіп, сыйлық алу үшін сауда үйіне баруыңыз керек..

Тіркеуден өту үшін Олег Борисович толық аты-жөнім мен туған күнімді, сондай-ақ, тұрғылықты мекенжайымды сұрады. Мұның бәрін ойдан құрастырып айттым. Содан кейін ол соңғы тармақты орындау үшін маған жақын терминалға тезірек баруымды ұсынды.

- Сізге терминалға баруға тура келеді. Мұқият тыңдаңыз. Біздің компания сізге Samsung Galaxy S8 телефонын сыйлады, - деп Олег Борисович мені гипноздап арбауға тырысқандай тағы да қайталады. - Ол 262 мың тұрады. Сізге 3800 теңге ҚҚС салығы салынады. Негізінде мұндай телефон үшін көп сома емес. Қазір сізде бұл сома бар ма?

- Иә, не істеу керек?

- Қазір қалам мен қағаз алып, терминалға барып, біздің компанияға қоңырау шалыңыз. Егер басқа менеджер жауап берсе, мені сұраңыз. Әрі қарай не істеу керектігін айтамын.

Әрине, мен ешқайда бармадым. Жарты сағат өткеннен кейін Олег Борисовичтің өзі қоңырау шалды:

- Сіз әлі терминалға жеткен жоқсыз ба? Ұзаққа созбаңыз. Ал әзірге мен жүлде беруге өтінімді толтырып, оны «...» сауда үйіне жіберемін, сол жерден осы жүлдені аласыз. Тіркеуден өткеннен кейін сізге кодты хабарлаймын, оны сауда үйіне апарып көрсетсеңіз, телефон сіздікі болады. Бізде барлық абоненттер өз сыйлықтарын алды. Тек сіз бен Екібастұз қаласында қалды.

Тағы жарты сағат өткен соң Олег Борисович маған қайтадан қоңырау шалды.

- Иә, сізде не боп жатыр? деді шыдамсыздана сұрап.

- Олег Борисович, менде проблема – бастығым жұмыстан жібермей жатыр. Бұл «алаяқтық» дейді.

- Әрине, бұл сіздің шешіміңіз. Сізді ешкім мәжбүрлемейді, құрметті абонент. Бірақ бұл қызғаныш деп айтар едім. Сіз 15-20 минутқа сұранып кетуге тырысыңыз. Біз сізді күтеміз...

МИЛЛИОНДАҒАН ТӘСІЛ

Бұл, әрине, жалғыз тәсіл емес. Басқалары әртүрлі сайттардағы жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сату-сатып алу туралы жарияланған хабарландырулармен байланысты. Ең кең тараған сызбаларды еске салайық.

1-тәсіл

Алаяқ интернетке өте тартымды бағамен пәтер немесе автокөлік сатылымы туралы хабарлама орналастырады. Тіпті, бөгде адамдар мүлкінің нақты фотосуреттерін жалғайды. Төмен баға болу себебін өзі шетелде екенін және шұғыл түрде ақша қажет боп қалғандығымен түсіндіреді. «Жол жақын емес, мен үшін қымбатқа түседі. Сіздің ниетіңіздің дұрыстығына сенімді болсам ғана келуге дайынмын» - дейді жалған сатушы. Кейін кепілақша аударуды сұрап, содан соң ақшаңызбен бірге ғайып болады.

2-тәсіл

Алаяқ сатып алушы ретінде әрекет етіп, пәтерлер мен автокөліктерді сатуға шығарған тұрғындарға қоңырау шалады. Сатушымен телефон арқылы әңгімелескенде, дәл бүгін пәтерді (автокөлікті) сатып алуға дайын екенін, бірақ қазір басқа қалада екенін айтады. Дегенмен, пәтердің қатты ұнағаны соншалық, ол бірден қомақты кепілақша аударуға дайын екенін білдіреді. Сәтті мәміледен дәмеленген сатушы оған өзінің банктік картасының нөмірі мен төлқұжат деректерін хабарлайды. Сәл кейінірек алаяқ қайтадан сатушыға хабарласып, банктің операцияны растауды талап еткенін хабарлайды. Ал өзі бұл кезде сатып алушының картасынан өз картасына ақша аударуға тырысады. Ол үшін ол 3D-Secure кодын немесе операцияны растау кодын білуі керек, ол аңқау сатушының ұялы телефонына sms-хабарламамен келеді.

3-тәсіл

Адам белгісіз нөмірден банктен деп, оның карточкасы бұғаттаулы және осы нөмір бойынша қоңырау шалу керек деген sms-хабарлама алады. Ал ол жақта оның қоңырауын алаяқтар күтіп отырады. Қауіпсіздікті арттыру үшін, интернет-банкингтің жеке кабинетіндегі параметрлердің өзгеруіне байланысты және т.б. түрлі  желеумен алаяқтар кейде азаматтардың төлқұжатындағы деректерді ғана емес, сонымен қатар, карта нөмірін, тіпті, жеке кабинетке кіретін құпия сөзін де біліп алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

1 наурыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.