Атырау, 25 сәуір 11:16
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

АҚШ-тың әскери базасында хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті

2 443 просмотра


Күдікті хатты ашқан әскери қызметкерлердің қолы мен беті дызылдай бастаған7 Вашингтон түбінде орналасқан АҚШ-тың әскери базасында күдікті хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости. Үш адам ауруханаға жатқызылды.   

"Әкімшілік ғимаратта (базаның) хат ашылғаннан кейін он бір адам сырқаттанып қалды", — деп жазылған хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үш әскери қолы мен беті дызылдағанын айтып шағымданған. Біреуінің мұрнынан қан кеткен.   

Оқиғаны АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері корпусы растап, бірнеше әскери қызметкер емделіп жатқанын мәлімдеді.  

Тергеу жұмыстарына ФБР де атсалысып жатыр.   

Дереккөз: sputniknews.kz

28 ақпан 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.