Атырау, 29 наурыз 11:31
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ОСК: Қазақстан Ресейдегі сайлауға 170 бақылаушы жібереді

1 596 просмотра


Қазақстан Ресейдегі президент сайлауына 170 бақылаушы жібермек деп хабарлады Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаға сілтеген ресейлік РИА «Новости» агенттігі.

«Қазақстан ОСК Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Ресейдегі президент сайлауына аз уақытқа бақылау жасайтын Қазақстан өкілдерінің тізімін жасады» деді Баймолдина. Оның сөзінше, 129 адам ТМД бақылаушылар миссиясының, 3 адам Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының, 38 адам ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы бюросының миссиясы құрамында бақылау жасайды.

Бұған қоса, Қазақстан парламенті ТМД Парламентаралық ассамблеясы құрамында Ресейдегі сайлауға өкілдерін жібереді.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылы 18 наурызда өтпек. Сайлауға сегіз кандидат, оның ішінде іс басындағы президент Владимир Путин тіркелген. Сайлауға Путиннен өзге Ресей коммунистік партиясы атынан Павел Грудинин, ЛДПР кандидаты Владимир Жириновский, «Азаматтық бастама» партиясының өкілі, тележүргізуші Ксения Собчак, «Яблоко» партиясынан Григорий Явлинский, «Ресей жалпыхалықтық одағы» партиясынан Сергей Бабурин, кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл Борис Титов және «Ресей коммунистері» партиясының өкілі Максим Сурайкин түседі.

Дереккөз: azattyq.org

27 ақпан 2018, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.