Атырау, 19 сәуір 00:13
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Ресейдегі президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер етеді?», «Қазақстанның ЕО-мен шикізат саудасы ғана өсті», «Қадыров пен қазақтардың байланысы», «2021 жылы мораторий уақыты біткенде жер шетелдіктерге қайта беріле ме?».

2 035 просмотра

QAMSHY.KZ. «Ресейдегі президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер етеді?» - Ресейдегі президент сайлауына бір айдан аз уақыт қалды. Сайлауда кім жеңіске жетуі мүмкін? Ресей билігіндегі ауыс-түйіс Қазақстанға әсер ете ме? 

«2021 жылы мораторий уақыты біткенде жер шетелдіктерге қайта беріле ме?» - Жақында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жер қатынастарын реттеуге арналған заң жобасы мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілді. Алайда жер дауына нүкте қойылған жоқ. Себебі халықты алаңдатқан 24, 27, 34, 97, 101 баптарға тек мораторий жарияланды. 

AZATTYQ.ORG. «Қазақстанның ЕО-мен шикізат саудасы ғана өсті» - Ақорданың Қазақстан-ЕО келісімін ратификациялағанына келесі айда екі жыл толады. Елдің ұлттық экономика министрлігінің өкілі «Қазақстан – ЕО-ның Орталық Азиядағы ең басты сауда-саттық серіктесі» деп атайды. 

«Бойымдағы үрей-қорқыныш әлі кеткен жоқ» - Ресей миграциялық заңды бұзды деп айыптап Өзбекстанға қайтармақ болған журналист, өзбекстандық Әли Феруз Германиядан саяси баспана алды. Жарты жыл Ресейде абақтыда отырып шыққан ол басынан кешкендері жайлы айтып берді.

«Қазақстанға сапар бағасы италиялықтарды шошытады» - ИталияныңАппенин түбегіне қазақтар үшін тур ұйымдастырып жүретін Диана Эспозито енді еуропалық туристерге Қазақстанды аралататын экскурсиялар жобасын іске қосуды жоспарлайды. Атырау тумасы Азаттыққа берген сұхбатында өзге елде қалай өмір сүру жатқаны, италиялықтардың Қазақстан туралы ойлары және елге келетін еуропалық туристер неге аз екенін айтып берді.

 ABAI.KZ. «Қытайлар шаңырақ көтермей жан тапсырған жігітіне де қалыңдық іздейді» - Алайда, Қытайдың қызға зәрулігі соншалық, тіпті сүйек екеш сүйегінен бас тартпайтын көрінеді. Шаңырақ көтерместен жан тапсырған жігітке де қалыңдық іздейді. О дүниеде қызмет көрсетуі үшін. Соңғы жылдары бейкүнә қыздардың жанын қиған бірнеше ұйымдасқан қылмыс ашылды. Бір әйелдің айтуынша, «түсінде марқұм інісі қалыңдық сұрап маза бермеген». Осыдан соң, қытайдың мінез-құлығын ескермей көріңіз.

INFORMBURO.KZ. «Дала дипломатиясы. Бағзы қазақ елшілік ісінің ерекшеліктері» - Қазақтың дала дипломатиясы қандай болған? Аманатқа бала беру-алу, қыз алып, қыз берісу неге негізделген? Қазақ елшілері қандай рөл атқарған?

RATEL.KZ. «”Бергей, кел”, - дегенге келе ме? Экс-әкімді Астана шақырғанымен, Лондон жібермейді» - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысының бұрыңғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасы экс-депутат Аманжан Рысқали және оның сыбайластарын Астанаға тереуге шақырды.

«Қадыров пен қазақтардың байланысы» - Жақында ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы, 10 жасар кикбоксингші Абай Тәжібай Рамзан Қадыровтың балаларын жекпе жекке шақырған еді. Шешенстан басшысының балалары Абай ТӘЖІБАЙ есімді қазақстандық жеткіншекке өз жауаптарын берді. Олар кәсіпқой рингте кездесетінін айтты.

«Өзге елге Олимпиада медалін алып берген қазақтар» - Жат жұрттық болып кеткен қазақ жастары арасынан Олимпиада чемпиондарын іздеу керек пе?Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақ қызы алтынан алқа тақты. Ол – Динара Әлімбекова.


27 ақпан 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.