Атырау, 25 сәуір 07:25
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Шахтинск: Әткеншекте қыздары мерт болған ата-ана 5 млн теңге өндіріп алды

2 022 просмотра


Үш жылға жуық уақыт бұрын Қарағандының Шахтинск қаласында әткеншектің астына түсіп, қаза тапқан екі жасар қыздың ата-анасы моралдық шығынды өтеп алу үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Варвара Переседованың ата-анасы өтемақыны «Барыс» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен қалалық әкімдіктен талап еткен. Сотта талапкердің өкілі атап өткендей, Варвара Переседова 2015 жылдың 29 мамырында Шахтинск орталық мәдениет және демалыс паркі аумағындағы «Аққу» аттракционында әткеншектің ашық тұрған қозғалтқышының астына түсіп кетіп, алған жарақаты салдарынан Шахтинск орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде сол күні қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, ол екі жылдан астам уақытқа созылған еді. 

Екі жасар Варвара Переседовтар отбасындағы 12 жылдан кейін дүниеге келген көптен күткен әрі жалғыз бала болған. Қыздары қаза тапқаннан кейін ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы психологтардың көмегіне жүгінген. Осыған байланысты, олар соттан 2 528 874 теңге көлемінде материалдық шығын, 15 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян, сондай-ақ сот шығындарын өндіріп беруді сұраған. 

Жауапкерлердің өкілдері сотта кінәларын мойындамады. Сотта талап-арыз жартылай қанағаттандырылды. Варвара Переседованың ата-анасының пайдасына «Барыс» КМҚК-дан 230 мың теңге көлемінде материалдық зиян және олардың әрқайсысына 2 500 000 көлемінде моральдық залал, сондай-ақ сот шығындарының бір бөлігін өндіру туралы үкім шығарылды.  

Шахтинск қаласындағы саябақта  жұмыс істеп тұрған әткеншектің астына түсіп, мерт болған 2 жасар қыз туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.   

Дереккөз: inform.kz

26 ақпан 2018, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.