Атырау, 24 сәуір 19:41
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сирияда атысты тоқтату туралы жаңа қарар қабылданды

2 066 просмотра


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияның бүкіл аумағында 30 күн бойы атысты тоқтату туралы қарар қабылдады.

Тәртіп халыққа гуманитарлық көмек көрсетіп, жараланғандар мен халі мүшкіл науқастарды қақтығыс аймағынан алып шығу үшін енгізілді. Алайда құжатта тыныштық жағдайын сақтау үшін қандай да болмасын шараларды қолға алу жағы қарастырылмаған. Сондай-ақ тәртіп «ан-Нусра майданы» мен «Әл-Каида» содырларына, «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы операцияларға таралмайды. Ал құжат авторлары Кувейт пен Швецияның мәлімдеуінше, қазір Сирия аумағында 1 мың 200-ден астам елді мекен гуманитарлық көмекке зәру. Оның үстіне соңғы айларда үкімет әскері Шығыс Гутаға бекінген оппозициялы күштерге шабуылды күшейткен.

Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Біз бұл қарар арқылы Сирия әскерінің Шығыс Гутадағы әрекетін тоқтатуға қол жеткізіп, гуманитарлық көмектің жетуіне жағдай жасауды қалаймыз. Бірақ Асад билігінің оған келісуі екіталай. Сондықтан халықаралық қауымдастық сириялықтарға қол ұшын беруге күш салуы керек.

Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

- Қауіпсіздік кеңесінің бұл талаптары қақтығыс аймақтарында нақты шаралармен қамтамасыз етілуі қажет. Күрделі мәселелер бір түнде шешіле қоймас. Бірақ барлық тарап оны жүзеге асыруға атсалысады деп үміттенеміз.

Дереккөз: 24.kz

26 ақпан 2018, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.