Атырау, 19 сәуір 07:53
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бергей Рысқалиевтің қайда жүргені белгілі болды

Бейнежазба
3 916 просмотра

Facebook қолданушысы Серікжан Мәмбеталин өзінің жеке парақшасына Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің Ұлыбританияда тұрып жатқанын жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Айта кетейік, жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Рысқалиевті тергеуге шақырған болатын.

«Мен 90-шы жылдардың басында, шағын бизнеспен айналысқан кезде, Батыстың бір жігітімен таныстым. Есімі Бергей болатын. Содан бері әрқайсымыз өз жолын таңдап жүрдік, тек жақында Лондонда кездесіп қалдық. 


Кешеден бері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Бергей Рысқалиевті тергеу мәселесімен Астанаға шақырып жатыр. 

Бергей əкім болып тағайындалуының алдында салық декларациясын жариялап, бай бизнесмен болғанын дәлелдеді. Ол иемденген зауыттар, мұнай кен орындары және дүкен желілерінің құны – 150 миллион АҚШ долларына жуық. 

Атырауда əкім болған кезінде мен Лондонда өмір сүрдім. Бірақ, жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол кісі жұмысын адал және тиімді атқарған.

Өңірді газ және сумен қамтамасыз етіп, жаңа көпірлер салған, каланың жолдары реттеліп, аудандарға дейін жаңа жолдарды салдырған. Бүгін де атыраулықтар Бергей тұралы жақсы жылы пікірде.

Бергей Рысқалиев пен оның ағасына қатысты сыбыс көп.  Оның қазіргі жағдайы жақсы, ол Ұлыбританияда саяси босқын мәртебесін алған. Ағылшын заңы бойынша, Астанаға келіп жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне жауап бере алмайды. Бірақ, менің ойымша, скайп арқылы түсініктеме беруге мүмкіндігі бар. Оның кінәлі немесе кінәсіз екенін тек тәуелсіз сот шеше алады. Ондай сот Қазақстанда ешқашан болмаған. Ал Бергей Сәулебайұлына қояр сұрақтарыңыз болса, пікір қалдырыңыз, ол оқып жауап береді деп үміттенемін», — деп жазады Серікжан Мәмбеталин. 

Дереккөз: qamshy.kz

26 ақпан 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.