Атырау, 20 сәуір 18:22
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Әліпбидің жұртты "жеңілдеткен" жаңа нұсқасы», «Ұсталған депутаттың қос азаматтығы анықталды», «Орта Азия елдеріне басты қауіп кім: Ресей мен Қытай тату одақтас па?!», «Олимпиадашыларға қанша сыйақы беріледі?».

2 172 просмотра

AZATTYQ.ORG. «TAPI газ құбыры желісі Ауғанстанға жетті» - Түркіменстан мен Ауғанстан президенттері Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ашраф Ғанидың суреттері бар биллборд ілінген бақылау-өткізу бекетінде адамдарды тексеріп тұрған ауған қауіпсіздік күштері қызметкерлері.

«Ұсталған депутаттың қос азаматтығы анықталды» - Қазақстанда арнайы операция кезінде ұсталған Қырғызстан парламентінің депутаты Дамирбек Асылбекуулу қазақ азаматтығына ие деген ақпарат расталды. Қазақстан сыртқы істер министрлігі осы фактіге байланысты Қырғызстанның сыртқы саясат мекемесіне нота жолдаған.

«Әліпбидің жұртты "жеңілдеткен" жаңа нұсқасы» - Батыс басылымдары қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасына қатысты комментарийлер жариялаған. Бұдан бөлек, баспасөз Қазақстан ұлттық қорының активтерін бұғаттау ісі әлемде "прецедентке" айналуы мүмкін деп жазады.

SPUTNIKNEWS.KZ. «Ақтауда қыздардың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған видеосын олардың отбасына жібермек» - Жеңіл жүрісті қыздардың туған-туыстарына олардың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған сәті түсірілген видео жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Ақтау ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Аманнилла Абдуатов айтты.

TILSHI.KZ. «Танымал ақын Мейірхан Ақдәулетұлы монархияны қолдап өлең шығарған ақтөбелік жас ақын үшін намыстанатынын жеткізді» - Танымал ақын Мейірхан Ақдәулетұлы соңғы кезде Дариға (Назарбаева — ред.) туралы өлең шығарып, Қазақстанда абсолюттік монархия құруды армандайтынын жырға қосып жүрген ақтөбелік жас ақын Балтабек Нұрғалиев үшін намыстанатынын жеткізді.

INFORMBURO.KZ. «Латын әліпбиі бойынша жаңа нұсқа. Соңғы ма? Өзгертуге бола ма? Қалай жүзеге асады?» - Қоғам болып талқылап, ұсынылған әліпби нұсқасы тағы өзгертілді. Бұл соңғы ма? Енді өзгертілмесе, оған көшу қалай, қанша кезеңмен жүзеге асырылады? Талдайық.

ABAI.KZ. «Қытай қаржыландыратын Конфуций институттарын жабу керек» - Соңғы жылдары, әсіресе Ши-дың билікке келуінен бастап Қытай үкіметі сырт елдерге ықпалын көзсіз түрде арыттыру үшін барынша жанталасып жатыр. Қытайдың сыртқа кеңеюіндегі бір тәсілі - "жұмсақ күш" қолдану саясаты. Қытай үкіметі қолданып отырған осы "жұмсақ күштің" бірі, әрі бірегейі осы Конфуций инититуттары арқылы жүргізіліп жатқанын біреу білсе, біреу білмес.

«Зауытбек Тұрысбек Елбасының аманатын аяқ асты ету үшін төраға болды ма?» - Зауытбек мырза! Жауабы мен сауабы мол жұмысты не үшін қолға алдыңыз? Құрығанда бір жол болса да қорланып жатқан Қытай қазақтары туралы ақпарат алып, бір сұхбат беруге де жарамадыңыз ғой.. Неге?  

QAZAQTIMES.COM. «Орта Азия елдеріне басты қауіп кім: Ресей мен Қытай тату одақтас па?!» - Ресей үкіметінің ресми өкілдерінің бірі және парламент депутатты БАҚ-қа берген мәліметінде, Қытайдың шетелдегі әскери күштерін кеңейтуге ұмтылыс жасап жатқанын, бұл жағында Қытай мен Ресей одақтас емес екенін айтқан. Сонымен бірге ресейлік лауазымды Қытайдың Орталық Азияға қауіп төндіретінін, қазіргі кезде Тәжікстанға қысым түсіріп отырғанын атап өткен. 

 «Уаң Чишан мемлекет басқаруға қайта оралды. Қытай билігіндегі ауыс-түйіс нені түсіндіреді?» - Қытай билігіндегі жоғары лауазымдылар арасында бірқатар кадрлық өзгерістер болып жатқаны белгілі. Қытай үкіметінің маңызды тұлғаларының бірі  Уаң Чишанның (Wang Qishan) саяси сахнадан қайта бой көрсетуі әсте кездейсоқ жағдай емес.

365INFO.KZ. «"Ислам мемлекеті" өлген жоқ — әлемдік халифат қай елде құрылады?» - Ресейдің сыртқы істер министрлігі мен ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының хабарлауынша, Сирия мен Иракта талқандалған Ислам мемлекеті отрядтарының қалдықтары қазір Ауғанстанды паналауда. Ертең басқа жаққа қарай бас сауғалаған сол содырлар көршілес мемлекеттерге қауіп төндірмей ме? Өйткені талай жыл оқ пен оттың арасында жүріп, қан кешкен олардың бойы жауыздық пен қатыгездікке үйреніп кетті емес пе.

ULT.KZ. «Олимпиадашыларға қанша сыйақы беріледі?» - 2018 жылғы қысқы Олимпиада аяқтала салысымен қазақстандық спортшылардың қайсысы мемлекеттік сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт.кз" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


26 ақпан 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.