Атырау, 29 наурыз 10:48
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Еуроодақ лаңкестерді қаржыландыру көздерін анықтайды

1 437 просмотра


Еуроодақ лаңкестікті қаржыландыру жолдарын анықтап, жабуға ниетті. Бұған Еуропарламенттің сыртқы істер Комитеті мүшелерінің басым көпшілігі дауыс берген.

Ұсынысты депутаттардың толық құрамы наурыз айында өтетін пленарлық сессияда бекітуі тиіс. Еуропадағы қазіргі заңдар бойынша айына шетелге 10 мың еуроға дейін қаржы аударуға болады. 

Осыдан екі жыл бұрын құрылған Еуропаның лаңкестікке қарсы орталығы қаржылық барлауды басқарып, лаңкестік топтардың табыс көздерін анықтайды. Бұл қызмет тіпті азғантай сомаларға қатысты операцияларды да бақылайды. Өйткені кәрі құрлықта соңғы жылдары болған оқиғалар, шағын лаңкестік топтарға шабуыл ұйымдастыру үшін көп қаржы қажет еместігін көрсетті.

Хавьер Нарт, Еуропарламент депутаты:

- Бүгінгі нұсқауымыз шағын лаңкестік топтардың қаржыландырылуын доғаруға бағытталған. Осы шағын топтардың табыс көздерін ашу үшін еуропалық органдар мен мекемелерді тергеу құралдарымен қаруландырғымыз келеді. Барлау қызметтеріміз өзара ақпарат алмаса алатын платформа құру өте маңызды.

Дереккөз: 24.kz

22 ақпан 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.