Атырау, 20 сәуір 20:45
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ақышев қазақстандықтарға кредит алмауға кеңес берді

2 047 просмотра


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарға кредит алмауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлттық банк қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында халықпен жұмыс істеп жатыр. Осы мәселемен кешенді түрде айналысуға тырысамыз. Осы орайда биыл қаржы сауаттылығын арттыру бағытында стратегия дайындауды бастадық", - деді Данияр Ақышев "Дегенмен зейнеткерлерге бірнеше кеңес бергім келеді. Біріншісі - ақшаны үйде емес, банкте сақтаған дұрыс. Бұл ақшаның түгел тұруын қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, қазіргі уақытта мемлекет он миллион теңгеге дейін депозитке кепіл береді. Екіншісі, Ұлттық банк лицензия бермеген компанияларға сенбеу керек. Үшіншіден, ақшаны бөтен адамдарға сеніп тапсырмаңыздар. Төртіншіден, несие алмаңыздар", - деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 ақпан 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.