Атырау, 28 наурыз 16:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 378 просмотра

КАРАТЕ

Бішкекте спорттық карате бойынша «Bishkek Open» халықаралық турнирі өтті.

Атырау құрамасы бұл сайыста 1 алтын және 5 қола жүлде алды. Жүлдегерлер: 14-15 жас санатында - Нұрсұлтан Қалиев (1-орын), Руслан Бекзат, Мұқан Санжар; 12-13 жас - Кенжебай Нұрбек, Жақсылық Қайрлыбек пен Нұрберген Дамир. Жас каратешілерді Қайсар спорт клубының бапкерлері дайындады.

 

КҮРЕС


Қарағандыда 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен ел чемпионаты өтті.

Атырау облысының құрамасында 70 келіге дейінгі салмақта жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті Айдын Тәжіғали алтын алқа алды. Ол 6 жеңісті жекпе-жек өткізіп, финалда Азия чемпионы алматылық Ильяс Жұмайдан үстем түсті. Осылайша, Айдын Азия (шілде) және әлем (қазан) чемпионаттарына жолдама алды. Оны бапкер Аслан Жаманбаев жаттықтырды.

 

* * *

 

Атырау қаласындағы БЖСМ-1 командасы жасөспірімдер арасында өткен еркін күрестен Орынбор облысының ашық чемпионатына қатысты.

Атыраулықтар сайыстан қоржындарын алқаға толтырып қайтты: алтын - Рамазан Тасболатов (30 келіге дейін), күміс - Мұхамад Қасым (27 келіге дейін), қола – Шыңғыс Данияров (24 келіге дейін). Спортшылар Т.Исламғазиев, Д. Хабдолов және К.Баспаевтың жетекшілігімен жаттығады.

 

* * *

 

Талдықорғанда 2001-03 жылғы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ҚР чемпионаты өтті.

Бұл турнирде БЖСМ-1 шәкірті Артур Серіков өзін жақсы көрсете білді. 80 келіге дейінгі салмақта сайысқан ол 4 жекпе-жекте жеңіске жетіп, содан соң жартылай финалда Оңтүстік Қазақстаннан келген бәсекелесіне есе жіберіп алды. Нәтижесінде қола алқа алды. Дегенмен де, Артурдың жеке жаттықтырушысы Бауыржан Айтқалиевтың айтуынша, ол ел құрамасына алынған. Наурыздың басында оқу-жаттығу жиындарына қатысып, содан соң Иранда өтетін халықаралық турнирге қатыспақ.

 

ДОЙБЫ


«Барыс» балалар-жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен №2 мектебінің спорт залында 2001-02 жылғы мектеп және колледж оқушыларының арасында дойбыдан қалалық жазғы спартакиада өтті. 

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды №31 мектеп командасы (оның үздік ойыншысы Мақсат Өтеғұлов ықтимал 18 ұпайдың 18-ін жинады), 2-орынлы - №25 мектеп (Данагүл Жұмалиева – 18 де 18), 3-орынды  Амангелді атындағы мектеп алды.

 

ХОККЕЙ

Ересектермен қатар 2008 жылғы балалар арасында хоккейден ҚР чемпионатының ойындары жалғасуда.

«Бейбарыс» В тобында 7 командамен бақ сынасуда. 13 матч ойналды. Біздің спортшылар бар болғаны 3 ұпай жинап (соғылған және жіберілген ұпайы айырмашылығы 25-121), әзірге турнир кестесінің соңында тұр.

 Дайындаған Мұрат Сұлтанғалиев

22 ақпан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.