Атырау, 18 сәуір 10:28
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жалғызбасты қоныс аударушылар мемлекеттік қолдауға ие болады

1 505 просмотра


Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы аясында жалғызбасты қоныс аударушылар мемлекеттік қолдауға ие болады. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Айгүл Нұркина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Демография болжамына қарағанда 2050 жылға қарай еліміздің оңтүстік өңірлерінде халық саны шамаман 5,3 миллион адамға көбейіп, жұмыссыздық мәселесі күрделене түсуі мүмкін. Керісінше солтүстік өңірлерде тұрғындар саны 900 мыңға кеміп, жұмыс күшінің жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Осындай демографиялық теңгерімсіздікті реттеу мақсатында мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес үкімет екі жылдан бері артық жұмыс күші бар өңірлердің еңбеккерлерін жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыру бағдарламасын іске асыруда", — деді депутат  жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау барысында. 

Соның нәтижесінде, оның айтуынша, оңтүстік өңірлерден Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына қазірдің өзінде жүздеген отбасы қоныс аударып, солтүстік өңір тұрғындарының сиреп қалған қатарын толықтырды. Былтыр қоныс аударушылар саны 2016 жылмен салыстырғанда үш есеге көбейіп, 3600 адамға жеткен. Ал биыл көш қарқыны одан әрі үдеп, тиісті квота бойынша қоныс аударушылар саны 7 мың адамға дейін көбейтілмекші. 

"Осы өзекті мәселе қаралып отырған заң жобасында көрініс тауып отыр. Бұл өз кезегінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын беру тәртібін жеңілдетеді. Аталған түзету қабылданған жағдайда алдағы уақытта жалғызбасты қоныс аударушылар да мемлекеттік қолдауға ие болады", — деді Нұркина.

Дереккөз: sputniknews.kz

21 ақпан 2018, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.