Атырау, 29 наурыз 18:28
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Иран сопылары ереуілге шықты

2 167 просмотра


Теһранның жергілікті билік өкілдері үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан діни репрессияға наразылық білдірген сопыларды "автокөліктерге шабуыл жасап, ирандық 5 сарбаздың қайтыс болуына себеп болды", деп айыптауда, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.  

Ирандық " Fars" ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, астананың Пасдаран аймағында «Гонабади-дервиш» тобының наразылық білдірушілерін тоқтатуға тырысып жатқан сәтте полицей қызметкерлерін микроавтобус соғып, бірнеше адам жараланып, 3 адам қайтыс болды. Микроавтобусты «Гонабади-дервиш» тобының мүшесі жүргізген деседі. 

Әлеуметтік желілерге Теһранның орталық көшесінде ақ микроавтобустың жоғары жылдамдықпен келе жатқаны және оның артынан қуып келе жатқан полиция қызметкерлері көрсетілген видео тарап кетті. 

Ал полиция қызметкерлері революциялық гвардия мен Аятолла Али Хаменеидің бұйрығына сәйкес, Иран көшелерін бақылауға жиі шығып жүр. Телеграммада осы қақтығыс салдарынан жалпы 30 адам (әскери қызметкерлер мен ереуілшілер) жараланған делінген. 

"Tasnim" ақпарат агенттігі болса, 300-ден астам адам тұтқындалғанын мәлімдеді. «Гонабади-дервиш» діни тобының мүшелері көшбасшылары "Нур Али Табандех түрмеге қамалуы мүмкін" деген хабардан кейін дүйсенбі күні ереуілге шықты. Табандехтің тұтқындалғаны туралы ақпарат әлі келіп түскен жоқ. Бірақ "Majzooban " әлеуметтік медиа-аккаунтының ақпаратынша, оның жақтастарын билік өкілдері қоршап алған. 

Ирандағы адам құқықтары жөніндегі орталық елдегі сопылар шейіт-исламның таралуына жағдай жасайды деген пікір қалыптасқанын мойындайды.  Осы жылдың қаңтарында оңтүстіктегі Фарс аймағында топтың кемінде 10 мүшесі түрмеге қамалды. Ал басқа белсенділері Теһрандағы Эвин түрмесінде отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Ирандағы киелі Кума қаласында 13 ақпан күні 1200-ден астам сопы тұтқындалды. Олар тұрғын үйде рұқсатсыз діни орталық ашып, жергілікті билік өкілдерінің оны босатуға байланысты талабын орындамаған. Оның үстіне оларда қару болған көрінеді. 

Иран тарихында бірнеше ғасырлар бойы христиан, иудаизм және буддизм секілді негізгі діни ағымдарға елде бейбіт өмір сүруге рұқсат беріліп келді. Бірақ суфизм мен исламның дәстүрлі ағымдары арасындағы мәселе Иранда қашан да даулы болатын.

Сарапшылардың ойынша, бұл дау Ислам республикасы негізі қаланған уақыттан бастап шиеленісе түсті. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

21 ақпан 2018, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.