Атырау, 28 наурыз 22:15
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

1 935 просмотра

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жақында біз Үкіметтің былтырғы жылғы істеген шаруаларын барлық жағынан, барлық саладан тыңдадық. Ол жұмыстардың барлығына жалпы алғанда оң баға бердік. Істелінбей жатқан шаруалардың барлығына тиісті тапсырмалар бердік. Ел болғаннан кейін шаруалар көп болады. Алдымыздағы мақсаттар көп. Себебі біздің қойған ұлы мақсатымыз өте үлкен. Өркендеген, өскен 30 елдің арасына кіру үшін талай шаруа жасауымыз керек», - деді отырысты ашқан Елбасы. 

Қазақстан Президенті дамыған елдердің қатарына қосылу жолында бірнеше кедергінің, қиыншылықтардың, өткелдердің бар екендігін баса айтты.

«Оның барлығынан өтіп, бағдарламаларымызға тиісті өзгерістер енгізіп отыруымыз керек. Өткен жылы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылдадық. Қауіпсіздік тек қана әскери қауіпсіздік, ішкі саясат емес барлық жағынан болуы тиіс. Барлық салада жасайтын шаруалар көп. Сондықтан қалай орындалып жатыр деген мәселемен бүгін жұмыс істейтін боламыз. Одан кейін осы салада бір облысты әрқашан таңдаймыз дедік. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан шаруаны қараудың арқасында барлық облыстарға не істеу керек екендігі жөнінен тиісті мәліметтер береміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: inform.kz

21 ақпан 2018, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.