Атырау, 28 наурыз 19:47
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Өзбек-тәжік шекарасындағы «Каримовтың қабырғасы» бұзылды

1 849 просмотра


Өзбекстанның Самарқан облысын Тәжікстанның Соғды облысымен байланыстыратын «Саразм-Жартепа» тексеру және өткізу бекетіндегі тұрғындар арасында «Каримов қабырғасы» аталып кеткен үлкен қабырға бұзылды. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, қабырға 18 ақпан күні бұзылған және оған Өзбекстан мен Тәжікстан шекара қызметтерінің өкілдері қатысқан.

Тәжікстандықтар «Ислам Каримовтың қабырғасы» деп атап кеткен ұзындығы 3 метр, ені 10 метрлік қабырға 2010 жылы өзбек билігінің бастамасымен тұрғызылған.

Тәжікстан билігінің Азаттықтың Өзбек редакциясына хабарлауынша, аталған шекара бекетінде терминал, қонақүй мен көлік тұрағын салу жоспарланып отыр.

Тәжікстанның Пенджикент ауданындағы Саразм ауылының тұрғыны Осим Жамоловтың айтуынша, қабырға тұрғызылғанға дейін жергілікті тұрғындар көршілес Өзбекстанға жиі қатынап, азық-түлік пен керегін алып тұрған. Себебі Соғды облысының орталығы Худжанд қаласы Саразм ауылынан 250 километр қашықта, ал Самарқанға дейінгі аралық 36 километр ғана.

Тәжікстандық журналист Шохин Равшанның Азаттыққа айтуынша, «Саразм-Жартепа» тексеру және өткізу бекетін келесі айдың ортасына таман ашу жоспарланған.

Дереккөз: azattyq.org

21 ақпан 2018, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.