Атырау, 20 сәуір 10:24
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Бізде «ҚазМұнайгаз» бар, ал сізде?», «Апострофтан құтылғанда акут шықты», «Алғашқы сақшыларымыз - Алаш милициясы!», «Тәтішевті өлтірер алдында оның қызы туралы мәлімет жиналған», «Жарқын жеті деген кім? Ағартушы ма, әлде арандатушы ма?».

2 403 просмотра

QAMSHY.KZ. «Алғашқы сақшыларымыз - Алаш милициясы!» - Біздің баса мән беріп, аса дәріптеуге тиісті бір мерекеміз – Алашорда үкіметінің 100 жылдығы. Әрине, өзіміз алашордашыларды көрген де, кезінде оларға көңіл бөлген де жоқпыз. Сондықтан ел үшін еткен еңбектерін елеген тарихшылар мен алаштанушылардың азды-көпті зерттеу жұмыстарына сүйенеміз.

AZATTYQ.ORG. «Апострофтан құтылғанда акут шықты» - Сарапшы билік бекіткен латын графикасындағы әліпбидің жаңа нұсқасы мұның алдындағы "апострофты нұсқадан құтылу үшін ұсынылғанын" айтады. Ал ғимарат маңдайшасындағы атауын апострофты латын әріптерімен жазып алғандар оны қайта өзгертуі мүмкін.

«Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?» - Қырғызстан парламентіндегі "Қырғызстан" фракциясы Алматыда депутат Дамирбек Асылбекуулының ұсталғанына байланысты мәлімдеме таратты.

RATEL.KZ. «Бізде «ҚазМұнайгаз» бар, ал сізде?» - Ұлттық компанияның табысынан гөрі неге шығыны көп. Ақпан айының басында Қазақстандағы бірқатар ұлттық компаниялардың қызметіне байланысты зерттеу жұмыстарымыздың қорытындысын жариялағанбыз.

«Тәтішевті өлтірер алдында оның қызы туралы мәлімет жиналған» - Белгісіз біреулер Тәтішевтің қызы туралы сұрастырған және банкирді өлтірместен бұрын оған шабуыл жасалған.

«Жерді полигонға жалға беру тәуелсіздігімізге қауіпті» - Адвокат Абзал Құспан қорғаныс мақсатындағы жерлер де шетелдіктерге жалға берілмеу керек деген пікірде.

ABAI.KZ. «Жарқын жеті деген кім? Ағартушы ма, әлде арандатушы ма?» - Қытайдағы саяси жағдайларға байланысты сол жақтағы қазақтардың жағдайы күннен күнге қиындап барады. Осындай қиын жағдайға, жанған отқа май құюшылар да пайда болды. Біреулер сауатты түрде заңмен жұмыс жасап, жағдайды жеңілдетуді ойласа, енді біреулер айғай-сүренге салып, ахуалды одан арман қиындатуға әрекет жасауда.

AIKYN.KZ. «Солтүстік корея қайта ашуға мінді» - Солтүстік Кореялық бұқаралық ақпарат құралдары Оңтүстік Корея мен КХДР арасына жік салғысы келеді деп айыптады. 

«Не маңызды: түр ме, тұлға ма?» - Режиссер Ақан Сатаевтың Сақ ханшайымы Томирис туралы фильмнің тізгінін алғанына көп болған жоқ. Әрине, тарихи драманы түсіру кез келген режиссерге оңай емес. Оның үстіне, Томирис те «оңай шағыла қоятын жаңғақ емесі» белгілі. Сценарий дайын. Басты рөлдегі Томирис бейнесі үшін 200-ге жуық қазақ аруы кастингтен өтті. Екі кезеңнің іріктеуінен кейін 80 қыз қалды. 80 арудың ішінен жалғыз Алмира Тұрсынның бағы жанғалы тұр.


21 ақпан 2018, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.