Атырау, 28 наурыз 22:13
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қараусыз қалған станция

3 114 просмотра

Құлсары қаласында бірнеше жыл бойы салынған, кейіннен құрылысы мүлдем тұрып қалған кәріздік су тазарту станциясы (КСС) туралы бұрын жазғанбыз. Бүгінде иесіз қалған бұл нысан іске қосылмай, ескіріп жатыр.

- Жазда Құлсарыда су тапшылығы орын алып жүргені жасырын емес. Осы КСС пайдаланылуға берілсе, техникалық суды тұрғындар егін суаруға және басқа да қажеттеріне жарату мүмкіндігі туар еді,-дейді Жылыой аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Ернар ЫСМАҒҰЛОВ.

«АЖ» тілшісі облыстың экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ кезінде басталып, құрылысы аяқталмай қалған нысанға барды. Көргеніміз көңіл тыншытпайды: қақпалары жұлынған, аңғал-саңғал, қоршаулары шұрқ-тесік.

Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Мәлік АМАНОВ редакциялық сауалымызға былай жауап берді:

-«Құлсары қаласындағы кәріздік-тазарту нысанының құрылысын 2011 жылы «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС жүргізе бастаған. Нысанның бастапқы сметалық құны -1,1млрд теңге. 2012-2013 жылдары 980 млн теңгесі игерілген. Құрылыс барысында нысанның мемлекеттік сараптамамен бекітілген жобаға сәйкес салынбағаны анықталған. Сонымен қатар пайдалануға тиісті құрал-жабдықтарды жаңарту қажеттілігі туындады. Қазіргі уақытта ЖСҚ-ны түзету жұмыстары аяқталып жатыр. Жобаның жалпы болжамды құны-1,53 млрд теңге. Құрылысты жалғастыру мерзімі 2018-2020 жылдарға жоспарланған. Ал нысанды күзету ТКШ бөліміне жүктелген.

Алайда бөлімі басшысы Е. Ысмағұловтың айтуынша, бітпеген нысанды күзету бөлімнің құзыретіне кірмейтінін, мердігердің міндетінде болатындығын айтты.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

21 ақпан 2018, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.