Атырау, 20 сәуір 01:18
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бразилияның бұрынғы президенті сотталғалы жатыр

1 655 просмотра


Жемқорлық бойынша айыпталған Бразиляның бұрынға президенті Луис Инасиу Лула да Силва сейсенбі күні өзіне қатысты шыққан үкімге шағым білдірді, деп жазады ТАСС.

Оның қорғаушылары  үкімдегі 5 терминде қарама-қайшылыққа әкелетін 16 түсініксіз жайттың бар екендіген алға тартты. Осыған байланысты қорғаушылар 24 қаңтарда шыққан үкімнің ешқандай күші жоқ екендігін айтып, айыпталушының ақталуын талап етіп отыр. 

Егер екінші инстанция соты шағымды қабылдамаса, экс-президенттің ісі сотталушыны қамауға алуға рұқсат беретін бірінші инстанция сотына қайтарылады. Мұндай жағдайда Лула да Силва түрмеге қамалған Бразилияның ең алғашқы экс-президенті болмақ. Лула да Силва сотталған жағдайда федералдық сот оны 9 жылдан 12 жылға дейін жазаға кесіп, сайлауға түсу құқығынан айыра алады. 

Бұрынғы басшы қанша айыпталып жатса да, елдегі қазан айында өткелі жатқан президент сайлауына үміткерлердің алғашқы қатарында тұр.

Дереккөз: inform.kz

21 ақпан 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.