Атырау, 23 сәуір 21:03
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қырғыз парламенті Қазақстанда ұсталған депутаттың ісіне араласпайды

1 709 просмотра


Қырғыз парламенті мен оның спикері депутаттар ісін тергеуге араласпайды. Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулу төңірегіндегі мәселеге қырғыз парламентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ибраим Нуракун уулу осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы centralasian.org хабарлады. 

Оның айтуынша, бұл іс жогорку кенешке емес, депуттаттың өзіне ғана қатысты. 

"Депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу немесе сот жүріп жатса, жогорку кенеш пен оның спикері бұған араласпайды. Кінәсі дәлелденген жағдайда, депутат жазасын өзі тартады", — деді Нуракун уулу.

"Қырғызстан" парламенттік фракциясы кезектен тыс жиналыс өткізген. Фракция хатшылығы атап өткендей, Дамирбек Асылбек уулу Қырғызстан мен Қазақстан атынан күрестен жарыстарға қатысып, спорттың осы түрінің дамуына үлкен үлес қосқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, депутаттың айыптауларға қатысы жоқтығы туралы ақпарат бар. "Қырғызстан" фракциясы сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс ұстап отыр. Біз бұл істі Қазақстанның құзырлы органдары заң аясында, Қырғызстан азаматтарының құқықтарын бұзбай зерттейді деп сенеміз", — делінген хабарламада.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі және Жемқорлықпен күрес жөніндегі Ұлттық бюро 15-16 ақпанда Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында арнайы операция жүргізді. Соның нәтижесінде 35 адам ұсталған. Олардың арасында кеден және құқық қорғау органдары қызметкерлері, брокерлер, қылмыс әлемінің өкілдері бар. Олар халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдағаны анықталды.

Қазақстандық күш құрылымдары ұстаған Қырғызстанның үш азаматы екі ай мерзімге қамауға алынды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

20 ақпан 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.